Skip to main content

Қазақстан Дубайдағы EXPO-ға 9 млрд теңге жұмсайды

Бұл қаржы республика бюджетінен бөлінген

Фото: Shutterstock/Cromo Digital

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-дағы брифингте Дубай EXPO-сындағы Қазақстан павильонының құнын атады, деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі.

Бақыт Сұлтанов 2020 жылы Дубайда өтетін халықаралық EXPO көрмесіндегі қазақстандық павильонды дайындау жөніндегі жұмыстардың атқарылғанын хабарлады.

«Құны (павильонның. – «Курсив») – шамамен, 9 млрд теңге. (Қаржы. – «Курсив») бұрнағы жылдары бюджеттен бөлініп қойған», – деді Сұлтанов.

Осы орайда,оның айтуынша, бұл павильон көрме өткеннен кейін демонтаждалады және Қазақстан аумағына жеткізіледі. Оған жұмсалатын қаржы сол 9 млрд теңгеге кіреді. 

Мұнда, яғни Қазақстанда, ол павильон, министрдің айтуынша, аумақтардың бірінде немесе астанада өнімдерді көрсететін болады.

Бұдан бұрын, Қазақстан павильонын салуға 3,5 мың шаршы метр көлеміндегі жер учаскесінің бөлінгені туралы хабарланған болатын.

banner_wsj.gif

42500 теңге: миллионнан аса өтініш келіп түскен

Олардың арасында 500 мыңнан аса айлық алатындар да болған

Фото:кursiv.kz

Қазіргі кезде 938 мың адам 42500 теңге төлем алуға 1,2 млн өтініш берген. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ өткен брифингте әлеуметтік төлем жайын тағы да түсіндірді. 

«Біріншіден 42500 теңге – емлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол жұмыс істеп, ресми, бейресми тіршілік жасап жүрген азаматтарға, бірақ төтенше жағдайға қатысты табысынан айырылған адамдарға қарастырылған», – деді министр. 

Нұрымбетов жүйе әр адамды автоматты түрде тексеретінін айтып өтті. Қазір кезде  egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары тұрақты жұмыс істеп тұр, арнайы телеграм- бот іске қосылады. 

"Telegram-бот бүгін іске қосылды. Ол дайын. Бірақ оны кішкене кешіктірдік. Өкінішке қарай, кейбір "ақылды кісілер" көптеген фейк, жалған Telegram-боттарды жариялап, кішкене халықты жаңылыстырды", - деп қосып өтті Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, бұл төлемге тек жағдайы қиындап кеткен кісілер ғана емес, 500 мыңдап айлық алып жүргендер де өтініш берген. 

"Алғашқы 4 мыңнан аса өтініш келіп түскен кезде, олардың 2 мыңға жуығы қаңтар, ақпан айларында 50 мыңнан аса айлық алып жүргенін анықтадық. Алайда 16 наурыздан кейін ақшасы қалмай қалыпты да, өтініш берген. Бұл енді дұрыс емес. Сондықтан сіздерден кешірім сұраймыз, бірақ сіздерге бұл ақша төленбейді",- деді министр. 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif