Экологиялық кодекс электрэнергиясы тарифін өзгертуді талап етеді

«Самұрық-Қазына» басшысы Ахметжан Есімов осылай деп есептейді

Фото: Аскар Ахметуллин

«Самұрық-Қазына» басшысы Ахметжан Есімов жаңа Экологиялық кодексті жүзеге асыру шеңберінде өндірістік кәсіпорындарда қолжетімді технологиялардың үздік нұсқаларын енгізу электрэнергетика саласындағы тариф саясатына өзгерістер енгізуді талап етеді деген пікірде. 

Ахметжан Есимов былтыр 2019-2025 жылдарға арналған электрэнергиясының тарифтері ешқандай индексациясыз электрэнергиясын өндірудің өзіндік құны деңгейінде бекітілгенін еске салды. 

Оның айтуынша, бұл мәселе экология министрлігімен бірнеше рет талқыланыпты. 

«Мен бұл тақырып бойынша айтарымды айтқанмын. Сол кезде кейбір мәселелер шешілген. Бірақ қолжетімді технологиялардың үздік нұсқаларын енгізу жаңа ахуал тудырады, менің ойымша, бізге электрэнергиясының тариф саясатында кейбір өзгерістерді қарастыру қажет болады. Осы сұрақтардың барлығын экология министрлігімен тығыз байланыста талқыладық. Біз бір бірімізді түсіндік. Жалпы, біз Экокодекс жобасына қолдау білдіреміз», - деді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры акцирнерлік қоғамының  төрағасы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қолжетімді технологиялардың үздік нұсқаларын енгізуге қомақты инвестицияның қажеттігі Kazenergyмен (Мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы – Курсив) талқыланып, тау-кен-металлургия саласы қызметкерлерінің ассоциациясында үлкен мәжіліс өткізілді.

«Мұндақажетті инвестициялар көлемі тиісті техникалық аудит жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Индустрия өкілдерімен бірге ұлттық анықтаманы жасау кезінде осы аспектіні ескеру қажет», - деді сөзін түйіндеген Есімов.

Естеріңізге салсақ, жаңа Экологиялық кодекстің жобасын бүгін үкімет қабылдаған болатын. Құжат парламенттің қарауына жолданды. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg