Бизнесмендер АӘК алу мүмкіндігінен айырылған жоқ

Алайда көмекті тағайындау шарттары күшейтілді

Фото: Shutterstock

Мәжіліс депутаты Ирина Аронова «үкімет сағаты» барысында Атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау бойынша бір қатар түйіткілді мәселелерді атады. Атап айтқанда, мұндай көмекті алатындар арасында жеке кәсіпкерлердің де отбасылары бар екен. 

Оның айтуынша, кәсіпкерлердің АӘК-ті алуы қоғамда теріс резонанс тудырыпты, өйткені кәсіпкерлік қызметтің табысы кәсіпкердің өтінішіне, түсімге және салық салынатын айналымға сәйкес есептелінеді. 

Депутат мұндай табыстарды жасыруға болатынын атап өтті, мұны кейбір аймақтарда АӘК-тің бюджетке қайтарылуы да растайды. 

Бұдан бөлек, депутаттың пайымдауынша, мұндай жағдай әлеуметтік әділеттілік принципіне қарама-қайшы келеді. 

«Сонда біз, бір жағынан, мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын бизнеске қолдау көрсетіп, несиелендіреміз, субсидиялаймыз, қайтарылмайтын гранттар бөлеміз, ал содан кейін, мемлекеттік қолдаудың қаржысын алушылар АӘК алу үшін мемлекетке тағы өтініш білдіреді. Осыған байланысты, сіздің ведомствоңыз осы айтылған мәселені бақылап отыр ма, АӘК-ті мұқтаж отбасылары алу үшін сіздер қандай шараларды жүзеге асыруды белгілеп отырсыздар?», - деген сұрақ жолдады депутат.  

Оған жауап берген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі өздерінің бұл мәселені ойластырғаны, тіпті, кәсіпкерлерге көмек тағайындаудан бас тарту мүмкіндігін қарастырғанын да жеткізді.  Нәтижесінде, егер отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейшілік деңгейінен төмен болса, оларға АӘК алу құқығын қалдыру туралы шешім қабылданыпты. 

«Бізде 39 мыңға жуық АӘК алатын жеке кәсіпкерлер бар. Олардың табысының шынайылығына келетін болсақ, осы жылғы жазда біл оларды тексерген кезде, АӘК-ті тағайындаудан бұрын 3 мыңнан астам кәсіпкер салық органдарына өз қызметін қысқартатыны туралы өтініштер берген, яғни олардың табысы ескерілмейді немесе ол ең төменгі көлемде, 42 500 теңге мөлшерінде есептелінеді. Біз осының барлығын жергілікті әкімдіктермен бірге зерделедік, осы өтініштердің олардың қызметімен қаншалықты байланысты екенін қарадық, өтініш берудің АӘК алу үшін қаншалықты әдейі жасалғанын тексердік. Сондықтан бүгін біз жаңа ережеде шекті мөлшерді көтеруді ұсынып отырмыз. Егер ол жұмыс істемесе, онда табыстың еңтөменгі деңгейін 25 АЕК көлемінде, ал бұл 64 мың теңгеге жуық сома, ескеруді ұсынамыз. Біз осылай жеке кәсіпкерлердің жауапкершілігін көтермекшіміз. Біздің жүйе жұмыс істейді, Мемлекеттік кірістер жөніндегі комитетпен бірлесіп, жылдың соңына дейін осы жұмысты толық аяқтауды көздеп отырмыз», - деді Нұрымбетов.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif