Бердібек Сапарбаев Ақтау тұрғындарымен кездесті

Вице-премьер мемлекет басшысының тапсырмалары қалай орындалып жатқаны туралы айтып берді

Фото: Региональная служба коммуникация Мангистауской области

ҚР Премьер-министрінің Бердібек Сапарбаев Маңғыстау тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

 Достық үйіндегі жиынға 400-ден астам тұрғын жиналған. Мұнда өңір белсенділері, ақсақалдар, жастар бар. Алдымен, сөз алған Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласынан келген делегацияны таныстырып, елдің даму көрсеткіштері мен алға қойған мақсаттарды айтып берді. 

«Құрметті маңғыстаулықтар! Біздің ең негізі міндетіміз - берілген тапсырманы дер кезінде орындау. Қазақстан экономикасы жылына 4%-ға өсу керек. Экономика дамыса, бизнес құрылымдары артып, өнеркәсіптер ашылып, халықтың жағдайы жақсарады. Елдің экономикасына 10 трлн теңгеден астам қаржы тартылды. Жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды. Ендігі мақсатымыз - 12 млн шаршы метр үйді пайдалануға беру керек. Еңбек және жұмыспен қамту бойынша 100 жаңа кәсіптің атласы әзірленуде. Қызметті проактивті көрсету дамытуға көңіл бөлінбек», – деді Бердібек Сапарбаев. 

Бердібек Машбекұлы биыл жасалған ең үлкен жұмыс, атаулы әлеуметтік көмек екенін атап өтті. Бұл мақсатта 245 млрд.тг жұмсалған. Енді жаңа өзгерістерді халықтың арасына кеңінен түсіндіру керек деп тапсырды. 

Жиылғандар да өз сауалдарын жолдады. Қоғамдық кеңес мүшесі Аят Сүгірбай көпбалалы отбасылардың мәселесін айтып өтті. 

«Тұрғын-үймен қамтамасыз ету қиындау болып тұр. «Бақытты отбасы« сияқты бағдарлама бар, бірақ тиімсіздеу, мысалы екінші деңгейлі банктің сүзгісінен өте алмайды. Басқа балама бағдарлама керек. Бұдан бөлек, облыста жыл сайын мүгедек бала көбеюде. Ұрпақтың сапасын арттыруға жұмыстансақ жақсы болар еді», - деді ол. 

Сондай-ақ, жасөспірім қыздардың ерте жүктілігі, отбасылардың ажырасу фактілері туралы айтты. Бердібек Сапарбаев тұрғынға өз жауабында банк тәртібі өзгертілмейтінін айтты. 

«7 мың көпбалалы отбасы үй алды. Мыңдаған кәсіпкерлер көмектесті. Банктің тәртібін өзгерте алмаймыз. Оған заң бойынша қарау керек. Мүгедек бойынша ұлттық жоспарды бекіттік. Республика бойынша 80 мың мүгедек бала бар. Енді оңалту орталықтарын салу керек. Қазір 11 облыс орталығында жоқ», - деді Бердібек Сапарбаев. 

Сондай-ақ тұрғындар облыс экологиясының нашарлығын, жұмыс орындарының қысқаруы, денсаулық саласындағы қиындықтар туралы сауалдар қойды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған. Жұмыс тобының құрамына Үкіметтің әлеуметтік блогының басшылары кіреді: білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, ақпараттық және қоғамдық даму министрліктері, сонымен қатар, Қазақстанның Кәсіподақ федерациясы, «Атамекен» ҰКП және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бар.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстан қай елден қандай гуманитарлық көмек алды?

2020 жылы Қазақстанның өзі құны 2,5 млн доллар болатын арнайы жүк жіберген

Фото: Офелия Жакаева

Мемлекеттік кірістер комитетінің гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген жүк туралы мәліметінен Қазақстанның жарты жыл ішінде өзге елдерден құны 250,9 мың доллар  0,41 тонна дәрі-дәрмек алғанын байқауға болады. Салыстырар болсақ, 2019 жылы жалпы құны  $3,9 млн болатын 1,3 тонна дәрі жеткізілген. 

Сонымен қатар, кеден статистикасының «Киім-кешек және аяқ киім» бөлігінде көрсетілген гуманитарлық көмектік құны қатты өскен. Былтыр келген тауардың құны  $653 мың болса, биыл 6 айдың ішінде еліміз 2,9 млн доллар  тұратын киім-кешекті гуманитарлық көмек ретінде алып үлгерген. Ал салмақ бойынша салыстырсақ, биыл келген жүктің салмағы төмен. (биыл – 84 тонна, былтыр – 239 тонна). 

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер департаменті «Киім-кешек және аяқ қиім» бөлігіне биыл коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің арнайы киімі кіргенін айтады. Қорғаныш киім тиелген ең үлкен гуманитарлық көмекті Қазақстанға Катар елі жіберген. Олар жалпы құны 1,6 млн доллар болатын 35 мыңнан аса арнайы қорғаныш киімдерін берген. 

Жалпы, осы жарты жылда  Қазақстанға жіберілген гуманитарлық көмек көлемі бойынша да Катар көш бастап тұр ($1 млн 719 мың). Ал екінші орында – Қытай ($838,5 мың), үшінші орында  Германия ($732 мың) келеді.

2020 жылдың алты айында республикаға құны 4,013 млн доллар гуманитарлық көмек келген. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2019 жылдың жалпы көрсеткіші $9,873 млн құрайды. Былтыр Қазақстанға гуманитарлық көмек жібергендердің көш басында Германия болған, бұл ел $8,2 млн тұратын көмекті тегін жіберген. 

Қазақстан кімге көмек беріп жатыр?

Қазақстанның өзі биыл екі елге гуманитарлық көмек жіберген екен. Жалпы құны – $2,5 млн. Соның басым бөлігін ұн түрінде Тәжікстан алған. Бұл елге 1 млн 572 мың доллардың ұны гуманитарлық көмек ретінде жіберілген. Оған қоса, Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін осы елге өкпені жасанды желдету шағын аппараттарының бір партиясын жіберуді жоспарлап қойған. Әзірге Ақмола облысында орналасқан отандық өндіруші өндіріс қарқынын арттырып болғанша, Қазақстан көршілеріне азық-түлікпен көмектесе тұрады. 

Биыл Ауғанстанға 2 мың тоннаға жуық азық-түлік: ұн, макарон өнімдері,  сүйық май мен қою сүт жіберілген. Оның жалпы құны  – $941,7  мың. Былтыр Қазақстаннан гуманитарлық көмек алғандардың арасында Ауғанстан жоқ, ал Тәжікстанға сол 5 мың тонна ұн жіберілген. Алайда ол  кезде жіберілген ұнның құны  $1 млн 269 мың болған. 

2 полоса_Гуманитарная помощь-01.jpg

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg