1 view

Алматы маңындағы авиаапаттан қаза болғандардың отбасына көмек көрсетіледі

Президенттің айтуынша барлық кінәлілер жазаға тартылатын болады

Фото: Аскар Ахметуллин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы түбіндегі авиаапаттан қаза болғандардың туысқандарына көңіл айтты.

«Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады», - деп жазды президент Twitter-де.

Сонымен қатар, ол премьер-министр Асқар Мамин басшылық жасайтын үкімет комиссиясы құрылғанын атап өтті. 

«Барлық кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады», - деп мәлімдеді ол.

Естеріңізге салсақ, Bek Air ясының ұшағы Алматы аэродромынан тыс жерде апатқа ұшыраған болатын. Қаза болғандар саны – жеті адам.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер