1 view

Алматы әкімдігі қала атауын өзгерту мәселесін қарастырған емес

Бұл дилемма күн тәртібінде де жоқ

Фото: Shutterstock

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала атауын өзгерту мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

«Бүгін Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты айтарым, мен мұндай мәселелерді қарастырған емеспін, олар әкімдіктің күн тәртібінде де жоқ. Біз қазір Президент Қ.-Ж. Тоқаев қала алдына актив мәжілісінде қойған кешенді мақсаттарды жүзеге асыру жолында жұмыс істеп жатырмыз», - деп жазды Instagram-да қала басшысы.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын жазушы Олжас Сүлейменов Қазақстан резиденті Қасым-Жомарт Токаев және қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының бұрынғы атауы – Алма-Ата-ны қайтару идеясын қолдады, деп сендірген болатын.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер