1 view

2019 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі судьяларға қарсы 11 қылмыстық іс қозғаған

Алты іс бой бойынша сот үкімдері шыққан

Фото: Shutterstock

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров ведомстводағы брифинге кезінде «Фемида қызметшілеріне» қатысты қанша қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтып берді.
 

«2019 жылдың өткен мерзімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің өндірісінде судьяларға қарсы қозғалған 11 қылмыстық іс болған-ды. Олар Қостанай, Түркістан, Маңғыстау облыстары, сондай-ақ  Алматы және  Шымкент қалалары соттарының қызметкерлері. Алты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Барлық алты іс бойынша сот үкімдері шықты, судьяларға жаза шаралары қолданылып, олар мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды», - деді Биғайдаров.

Журналистердің осы судьялардың үкімі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қайта қарала ма, деген сұрағына аға тергеуші былай деп жауап берді:

«Егер судья қарастырылып отырған нақты әкімшілік, азаматтық немесе қылмыстық іс бойынша сыбайлас жемқорлыққа барды деген күдікее ілініп құрықталса, және судья қабылдаған шешімнің заңға қайшы екендігі наықталса, онда мұндай жағдайда қылмыстық іс (ҚР Қылмыстық кодексінің 418-бабы) қозғалады. Іс шеңберінде судья қабылдаған шешім қарастырылады және жаңа шығарылады».

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер