ШҚО ауруханалары ережелерді бұзғаны үшін 300 млн теңгеге жуық қаржыдан қағылды

Емдеу мекемелері сапасыз медициналық көмек көрсеткен

Фото: Shutterstock

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан өңірлік филиалы биылғы үш тоқсанның қорытындыларын шығарды. Өткен тоғыз айда ШҚО ауруханаларына жалпы 62,2 млрд теңге сомасында төленген қаржының  296 млн теңгесі сапасыз көрсетілген медициналық көмек үшін ұсталып қалды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы («ӘМСҚ» КЕАҚ) Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов жариялаған ақпаратқа сәйкес, қор сарапшылары ауруханалардың кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде көрсетілген қызметін ғана емес, сондай-ақ диагностика, емдеу және оның нәтижелерінің хаттамаларын дұрыс толтыруын да тексереді екен. Тексеру кезінде ереженің бұзылғаны анықталған жағдайда, ӘМСҚ емдеу мекемесіне емдеудің осы оқиғасы бойынша ақы төлемейді. Жалпы өңір аумағында мемлекеттік тапсырыс бойынша 127 аурухана қызмет көрсетеді, олардың 62 – жеке меншіктегі емдеу мекемелері.

«Жыл басынан бері жасалған мониторинг нәтижелері бойынша, ӘМСҚ өңірлік филиалының мамандары 296 млн теңге сомасындағы ақауларды анықтаған. Олардың 56%-ның сомалары стационарлық және стационарлық емді алмастыратын көмектің (165 млн теңге) үлесіне тиесілі екен. 30 млн теңге емханалар мен Ауылдық-дәрігерлік амбулаториялардан (АДА), тағы 46 млн теңге – ауылдық ауруханалардан ұсталып қалынды», – деп хабарлады Ғалымжан Әбілов.

Кеңінен таралған ақаулар арасында – диагностика мен емнің стандарттарынан ауытқу, ауруханаға негізсіз жатқызу, медициналық көмек көрсетудің расталмаған фактілері, құжаттарды дұрыс толтырмау бар.

Естеріңізге салсақ, ШҚО-ға Өскенменде салынып жатқан 200 орындық балалар ауруханасын жарақтандыруға бюджеттен 3,9 млрд теңге бөлінген болатын. Медициналық құрал-жабдықтарға жұмсалған қаражатты қоса есептегенде, жоба бойынша жалпы смета 13,5 млрд теңгені құрайды. Бұл ШҚО-да соңғы 25 жылда салынған денсаулық саласының ең қымбат нысаны.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif