Шетелдік нөмірлері бар машиналардың иелері 26 млн теңге сомасындағы айыппұлдарды төледі

Елорда әкімдігі осындай деректер келтірді

Фото: Shutterstock

Сергек камералары шетелдік, оның ішінде, армениялық және ресейлік нөмірлері бар автомобиль иелері тарапынан жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркейді. Бұл турасында ОКҚ-да өткен брифингте инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі астаналық басқарманың басшысы Ерлан Бекмұрзаев айтып берді.

«Шетелдік нөмірлер тіркелмейді деген пікір бар, бірақ олар дерекқорда бар. Алайда Сергек камералары мұндай нөмірлердің барлығын тіркейді. Ара-тұра біз барлық мәліметтерді қаланың Полиция департаментіне тапсырамыз, тиісінше, біз ережені қасгөй бұзушыларды анықтаймызҚазіргі таңда осындай автомобиль иелеріне екі мыңнан астам айыппұлдар жазылып берілді. Бюджетке 26 млн теңгеге жуық қаржы түсті», - деді Бекмұрзаев. 

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полициясы басқармасының басшысы Елжан Чүпеков астанада 6183 бейне бақылау камералары орнатылғанын хабарлады. Жалпы, жобаны жүзеге асыру аясында 13 мың камера орнату күтілуде, оның ішінде, жолқиылыстарында 400 және қаланың  желілік учаскелерінде 300 аппараттық-бағдарламалық кешендер, адамдар көп жиналатын орындарға 4 мың камера орнату және  шеттегі 3 мың камераны қаланың бейнебақылау жүйесіне біріктіру қарастырылған. 

«Жыл басынан бері камералар 6 млрд 784 млн теңге сомасындағы 1 млн 219 ереже бұзушылықты тіркеген. Олардың 4 млрд 608 млн тенге сомасындағы 861 мың ұйғарымы ереже бұзушыларға жеткізілген. Бұл мәселе бойынша өндіріп алу бізде 86%-ды құрады», - деп хабарлады ол.

Жалпы, оның айтуынша, 2018 жылдың қорытындылары бойынша, 2017 жылмен салыстырғанда, астана жолдарындағы өлім-жітім екі есе төмендеген, бұл да Сергек жұмысының жағымды нәтижесі. Сонымен қатар, 2017 жылмен салыстырғанда, жол-көлік оқиғаларының саны 10%-ға (583-тен 528-ге дейін) және жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттану 10%-ға (624-тен 559-ға дейін) қысқарған.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif