Полиция «Алматыметроқұрылыс» басшысына қатысты іс туралы айтып берді

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Фото: Shutterstock.com

Алматы полициясы департаментінің тергеу басқармасы «Алматыметроқұрылыс» басшысы Қайрат Реимовке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде. 

«Бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының өндірісінде ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағы (алдау жолымен жасалған алаяқтық немесе сенімді теріс пайдалану) бойынша қозғалған қылмыстық іс тергелуде. Сонымен қатар, 27-қазанда Реимов Қ.Н. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 202-бабына (тұлғаны күдікті деп жариялау), 206-бабына (күдіктіге оның әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау) сәйкес, Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-тармағының 2-бөлімі бойынша күдікті ретінде танылды», – делінген Алматы полициясы департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Полиция департаментіндегілер қылмыстық іс бойынша басқа мәліметтерді ҚР Қылмыстық істерді жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын айтты.

Естеріңізге салсақ, Қайрат Реимов 27-қараша күні таңертең ұсталған болатын.

 «Алматыметроқұрылыс» АҚ – көлік-шахта құрылысымен, теміржол тоннельдерін және метрополитендер салумен айналысатын кәсіпорын.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif