Өзбекстанда туристерге жеңілдік жасалды

Жарияланды
Енді шетелдіктерді елде болу мерзімін бұзғаны үшін түрмеге қамамайтын болды

Өзбекстанда туристер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды елде болу ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы норманың күші жойылды. Күні кеше тиісті заң күшіне енді.  

Түзетулерге сәйкес, Өзбекстанда шетелдіктер елде болу мерзімін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің орнына еңбекақының минималды өлшемінің (ЕАМӨ = 202 730 сум – $21,4) жартысынан оның үшеуіне дейінгі сомада айыппұл төлейтін. Ереже екінші рет бұзылған жағдайда салынатын айыппұл бес ЕАМӨ сомасында болады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін, республикада қанша уақыт болғанына қарамастан, шетелдіктерге елде болу ережесін бұзғаны үшін 50-ден 100 дейін ЕАМӨ көлеміндегі айыппұл салынатын. Ал Қылмыстық кодекстің 224-бабы (әкімшілік жазадан кейін, елде болу ережесін бұзу) 200-ден 600-ге дейінгі ЕАМӨ көлеміндегі айыппұл төлеуді немесе 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын.

«Народное слово» басылымының мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда шетелдіктердің елде болу ережесін бұзуы бойынша 76 қылмыстық іс тергелген.  2016-2018 жылдар аралығында 11,9 мың шетелдік қонақтар төлқұжат жүйесінің және Өзбекстан Республикасында болудың ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз