Әлемдегі ең бай адам – Билл Гейтс

Ал екінші орында –Amazon.com басшысы Джефф Безос

Фото: REUTERS/Rick Wilking

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс жыл сайын жаңартылатын әлемнің ең бай адамдары рейтингінде бірінші орынға шықты. Бұған дейін бұл тізімді Amazon.com компаниясының басшысы Джефф Безос бастап тұрған еді, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі. 

Bloomberg Billionaires индексінің деректері бойынша, Гейтстің бүкіл байлығы $110 млрд құрайды, ал Безостың иелігінде 109 млрд доллар бар.

Биыл Microsoft акцияларының 48%-ға қымбаттауының арқасында Гейтстің байлығы 19,5 млрд долларға өскен. Компания АҚШ қорғаныс министрлігі үшін бұлтты инфрақұрылым құру туралы жалпы құны 10 миллиард доллар болатын 10 жылдық келісім-шартқа қол қойғалы, Майкрософттың бағалы қағаздары 4 пайызға қымбаттаған.

Жазда әйелімен ажырасып кеткен Джефф Безос байлығының бір бөлігінен айырылып қалған. Оның бұрынғы әйелі Маккензи Безос $35 млрд қаржымен дәл осы рейтингтің 24-і сатысында тұр. Ал Безостың байлығы 16,2 млрд долларға азайған.

Биыл Bloomberg Billionaires тізімінде үшінші орынды  LVMH тобын басқаратын Француз магнаты Бернар Арно ($103 млрд), төртінші орынды –  инвестор Уоррен Баффет ($86,6 млрд), ал бесінші орынды Facebook басшысы Марк Цукерберг ($74,5 млрд) иеленді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif