Қазақстанға Байқоңырдағы жердің бір бөлігі қайтарылады

Ол логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін пайдаланылады

Фото: Shutterstock

Мәжіліс депутаттары 1994 жылғы 10-желтоқсанда Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметінің арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу туралы Келісімге өзгертулер енгізу Хаттамасын бекітті. 

Құжат парламент сенатының қаралымынажіберілді.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров атап өткендей, хаттамаға 2017 жылғы 9-қарашада Челябинск қаласында қол қойылған болатын. Ол «Байқоңыр» кешенін жалға алу келісімінің №2 қосымшасына өзгертулер енгізеді, онда РФ  жалға алуынан шығарылатын, жалпы аумағы 11,6 мың гектар жерді қайтару қарастырылған.

Қайтарылатын жер учаскелері республикалық маңызы бар нысандар салу үшін қайтадан бөлінетін болады. Атап айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің, Алматы – Мәскеу темір жолының және Бейнеу – Шымкент газ құбыры желілік бөлігінің құрылысына және Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы Төретам ауылын дамытуға.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif