Қазақстандағы елді мекендердің 65% ғана тасқын су маусымына дайын

Барлық шараларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттер тарапынан бөлінетін қаржыландыру жетпей жатыр

Фото: Аскар Ахметуллин

Сенаттағы парламенттік тыңдауларында Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин көктемгі-тасқын су маусымына дайындық барысы туралы баяндап берді. 

«2017 жылдан бастап елімізде су тасқыны қатерлерінің алдын алу және оларды жою бойынша жол картасы жүзеге асырылып келеді. Бізді тасқын су басу қауіпі бар 1555 елді мекендердің 692 ғана қауіпсіздіктің қамтамасыз етілгені алаңдатады. Бұл қазіргі таңда елдегі елді-мекендердің 65%», - деді Ильин.

Ішкі істер министрі орынбасарының айтуынша, алдағы көктемгі-тасқын су кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 100 млрд теңгеден астам сомадағы қаржы қарастырылған. Оның 60%-ға жуығы републикалық бюджет есебінен қаржыландырылса, қалған 40% жергілікті бюджеттерден бөлінуге тиіс.

Ильин Қарағанды облысында тасқын суға қарсы үш шараның жүзеге асырылмай қалу қауіпі бар екенін атап өтті. Өйткені оларды орындауға жергілікті бюджет тарапынан қаржы бөлінбеген.

Ішкі істер министрінің орынбасары тасқын су қауіпінің  алдын алу жөніндегі шаралардың әкімдіктер тарапынан орындалмауы бүгін ведомствоаралық комиссияның, оның ішінде, көктемгі-тасқын су кезеңіне дайындық жөніндегі отырысында қаралатынын атап өтті.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif