Қазақстан экстремистік бағыттағы 13 мың материалға шектеу қойған

Түрлі сайттарда жарияланған 25 мыңнан астам материал жойылды

Фото: Shutterstock

Нұр-Сұлтан қаласында өткен дінтанушылар форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Қазақстан жыл басынан бері ғаламтордағы экстремистік сипаттағы 13 мың материалға шектеу қойды» деп мәлімдеді.  

«Интернет кеңістігіндегі заңға қайшы материалды анықтау, одан әрі жою немесе оған шектеу қою мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. 2019 жылдың басынан бері интернет-ресурстардың иелеріне кеңес беру тәртібімен заңға қайшы 25 мыңға жуық материал жойылды. Терроризм мен діни экстремизм идеологиясын насихаттаған 13 мыңнан астам материалға шектеу қойылды», – деді министр. 

Ведомство басшысы деструктивті ағымды ұстанғандар дінді шектеулі, радикалды түсінетінін айтып өтті. Министрдің пайымдауынша, экстремизм – бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған басты сын-қатердің бірі, ол қоғамның, әсіресе, еліміздегі 7 мыңға жуық дінтанушылар мен теологтардың  дер кезінде қарсы үн қатуын талап етеді. 

Олардың қызметінің негізгі бағыттары – әр адаммен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, деструктивті идеяларды ұстанататын азаматтарды оңалту және діни экстремизмге қарсы насихат жүргізу. Министрдің айтуынша, бірінші бағыт бойынша соңғы 3 жылда 78 мыңға жуық әртүрлі шара өткізіліп, 5 млн адам қамтылған. 

Алайда Абаев болашақта бұл жұмысты нақтылау, жетілдіру қажет екенін мойындады: жалпылама шараларды азайтып, тәуекел тобына кіретін жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, студенттер, сондай-ақ вахтамен жүмыс істейтіндерге аса назар аудару қажет.

Сондай-ақ, ведомство басшысы кейінгі кезде деструктивті діни ағымды ұстанатындардың қатары азайып келе жатқанын да айтып өтті. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg