Екі миллионнан астам өзбекстандықтар шетелдерде жұмыс істеп жүр

Жарияланды
Еңбек мигранттары елге $4,5 млн жуық қаржы аударған

Өзбекстанның 2,6 млн азаматы шетелдерде еңбек мигранттары ретінде жұмыс істеп жүр. Бұл турасында Ресейдің Еңбек және еңбекпен қамтудың федералдық қызметінің басшысы Михаил Иванковпен кездесу барысында Өзбекстанның еңбекпен қамту және еңбек қатынастары министрі Нозим Хусанов хабарлады. 

Қазіргі таңда Өзбекстанның еңбек нарығында 13,6 млн адам еңбекпен қамтылған, олардың  5,6 млн-ы – ресми секторда, тағы 7,9 млн азамат бейресми жұмыс істейді.

Өзбекстанның Еңбек министрлігі ресми Телеграмм-арнасының мәліметтері бойынша, 2020 жылы РФ-ның алты аймағымен, атап айтқанда, Красноярск өлкесімен, Татарстан Республикасымен, Астрахань, Ростов, Ленинград және Новосибирск облыстарымен ұйымдасқан еңбек миграциясы туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі күні Өзбекстан азаматтарын ұйымдасқан түрде жинақтау және РФ аумағында уақытша еңбек қызметін атқаруға тарту туралы қолданыстағы  үкіметаралық келісім де бар. Ресейден бөлек, өзбекстандықтар Оңтүстік Кореяда, Түркияда, БАӘ, Жапонияда, Польшада, Оманда, Қазақстанда және тағы басқа елдерде еңбек етіп жүр. 
 
2018 жылы РФ-дағы еңбек мигранттарының Өзбекстанға жасаған ақша аударымдарының көлемі $3,96 млрд құрады., Өткен жылы Өзбекстан барлығы, $4,35 млрд сомасындағы ақша аударымдарын алды, 2017 жылы бұл көрсеткіш $4,29 млрд-қа тең болған еді.

Осы жылғы тамыздан бастап, Өзбекстанда шетелде уақытша еңбек қызметін атқарып жүрген азаматтардың құқықтарын қорғаудың қосымша ашаралары күшіне енді. Оларға сәйкес, еліне оралуды жоспарлап жүрген мигранттарына көпқабатты тұрғын үйлерден 3462 пәтер бөлінетін болады. Ол баспанаға labor-migration кешенді бағдарламасында тіркелген азаматтардың қол жеткізуі мүмкін.

Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік субсидиялары мен микрозаймдары бар сақтандыру полисін алу құқығы беріледі. Сонымен қатар, Өзбекстанда Сыртқы еңбек миграцииясы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия құрылған, ал жылдың соңына дейін елде Шетелде еңбек миграциясында жүрген азаттардың бірыңғай базасы іске қосылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз