Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

Қала тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі

Фото: REUTERS/Pavel Mikheyev

21-23 қараша аралығында Алматы қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оның ауыр салдарын азайтуға бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді,  деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оның мақсаты– алдын-алу жұмыстарының қарқынын күшейту және  жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көліктегі жазатайым оқиғаларды азайту.  

«Жедел-алдын алу шаралары кезінде жеке құрам күшейтілген режимде қызмет етеді. Жеке құрамға жүктелген негізгі міндет – жол жүру ережелерінің бұзылуын анықтау және алдын алу, ережені өрескел бұзатын: мас күйінде көлік жүргізетін, қарсы жолаққа шығатын, қауіпсіздік белдігін пайдаланбайтын, рөлде отырып ұялы телефонмен сөйлесетін, жол ережесін елемейтін жүргізушілерді анықтау. Сонымен қатар, «Қауіпсіз жол» науқаны аясында жолаушылар мен жүк тасымалы кезіндегі жол қауіпсіздігін бақылауға ерекше назар аударылатын болады.  Атап айтқанда, инспекторлар автобус парктері мен автотұрақтарды аралап, жүргізушілермен алдын-ала түсіндіру жұмысын жүргізеді. Жоспарланған іс-шаралар қатарында ЖОО студенттері арасында  семинар өткізу де бар»,– дейді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар,  бөлімшеде  осы күндері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында Жол ережелерін сақтау бойынша құқық қорғау жұмыстары күшейтілетінін атап өтті. Көбіне жол апатына тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де кінәлі.

«Сондықтан мен бәрінен көшені жаяу жүргіншілер жолымен және тек бағдаршамның жасыл түсі жанғанда кесіп өтуін сұраймын. Ал жүргізушілер өте мұқият болып, жол ережесін бұзбауы және жылдамдықты асырмауы керек.  Ауа-райының өзгеруін және жауын-шашынға ерекше назар аударамыз, бұл азаматтардан жол қауіпсіздігіне үлкен мән беруді талап етеді», – деді полковник Алмасбеков.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif