Өзбекстан халқының саны 34 млн адамға жақындап қалды

Көші-қоң сальдосы бұрынғыдай минус күйінде

Фото: Depositphotos

2019 жылы Өзбекстан халқы 469 тыс. адамға артты (жыл басындағыдан +1.4%), сөйтіп, елдегі халық саны қаңтардағы 33,08 млн-нан қыркүйектегі 33,72 млн-ға дейін жетті. Елдегі демографиялық ахуал туралы мұндай мәліметтер Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеттің 2019 жылғы 9 ай бойынша жасалған есебінде көрсетілген.    

Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, қаңтар-қыркүйек айлары аралығында елде 589,7 мың бүлдіршін дүниеге келген, ал 2018 жылдың тиісті мерзімінде бұл көрсеткіш 553,4 мыңға тең болған. Осы уақыт ішінде 112,2 адам қайтыс болыпты.

Сонымен қатар, қиылған некелердің саны бойынша да оң нәтиже тіркелген. Өткен 9 ай ішінде елде 194,9 мың отбасы құрылса, ажырасулар саны 24 мыңнан аспаған.  

Дегенмен осы оң тенденцияларға қарамастан, көші-қоңда теріс салдоның сақталуы орын алып отыр. Мәселен, Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері бойынша, жыл басынан елге көшіп келгендердің саны 117,6 мың адамды құраса, басқа елдерге қоныс аударғандардың саны 126,1 мың адамға тең болған. Көші-қоңдағы сальдо өткен 9 айда 8,6 мың адамды құраған, өткен жылдың тиісті мерзімінде бұл айырмашылық 11,7 мың адамға тең болған. Қаңтар-қыркүйекте елге тұрақты тұруға шет мемлекеттерден 1971 адам келген, олардың 31,1% Қазақстаннан қоныс аударған.

Шетелдерде тұрақты өмір сүруге қоныс аударғандардың саны 10,5 адамды құраса, олардың  57,4% тұрақты өмір сүру үшін Қазақстанға аттаныпты.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg