Қазақстандықтардың ұялы байланысы неге үзілді?

Оған себеп – IMEI-кодтың болмауы

Фото: Deposotphotos

Қазақстандықтар ұялы байланыстың үзілгенін айтып, шағымдануда. Kcell баспасөз қызметінің басшысы Олжас Бибановтың айтуынша, телефондардың өшуі – 9 ай бойы абоненттерге ескертілген жағдайдың салдары, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі. 

«Түнде реттеуші IMEI-код дерекқорларында сынақ жұмыстарын жүргізді. Бұрыс тіркелген нөмірлердің барлығы осындай қиындыққа душар болып отыр. Яғни ЖСН, телефон нөміріне немесе IMEI-кодқа сәйкес келмейтін нөмірлер өшті. Бұл, негізінен, жуырда ғана жаңа SIM-карталар салынған телефондарға қатысты»,– деді Олжас Бибанов.

Ол нөмірді қайта тіркеу үшін ұялы байланыс операторларының бөлімшесіне барудың қажеті жоқ екенін айтады. «ЖСН нөміріңізді 6006 нөміріне SMS арқылы жіберудің өзі жеткілікті. Бұл, әрине, Kcell абоненттеріне қатысты», – деп атап өтті Олжас Бибанов. 

Абонент ЖСН-не қанша номер тіркелгенін мына жерден тексеруге болады 

Айте кетейік 2019 жылғы 1-қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу процесі аяқталған болатын. Бұл мобильді телефондардың ұрлануына, алаяқтыққа қарсы күрес мақсатында істелініп отыр.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif