Британдықтар қазақстандық шенділерді параға жықпақшы болғандарын мойындады

Жарияланды
Олар келесі жылы АҚШ-та сотталатын болады

Ұлыбританияның екі азаматы – Сайрус Ахсани және оның бауыры Саман Ахсани – өздерін Unaoil мүнайгаз өндіретін компания атынан сыбайлас жемқорлық туралы заңды шетелде бұзғаны үшін (FCPA) кінәлі деп таныды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Ахсани Қазақстандағы, Алжирдегі, Анголадағы, Әзірбайжандағы, Конго Демократиялық Республикасынағы, Ирандағы, Ирактағы, Ливиядағы және Сириядағы үкіметтік шенділерді параға жығу үшін, бірнеше компаниялар мен жеке тұлғаларды қосқанда, басқа тұлғалармен құпия сөз байласқандарын мойындады, деп мәлімдеді АҚШ-тың прокуратурасы.

Осы жылғы тамызда Unaoil-дың бизнесті дамыту жөніндегі бұрынғы директоры Стивен Хантер де FCPA заңын бұзғанын мойындаған болатын.
Астыртын сөз байласуға барған Хантер ағайындыларға 2009-2015 жылдар аралығында ливиялық шенділерді параға жығуға көмектескен.
Unaoil-дың бұрынғы атқарушы директоры Сайрус Ахсани және бір кездерде компанияның операциялық бас директор болған Саман Ахсани өздерінің парақорлық амалдарынан түскен табысты заңдастырып, АҚШ-та және басқа елдердегі тергеуге кедергі келтіру үшін айғақтарды жойып отырған.

Олар 2020 жылғы 20-сәуіәрде сотталатын болады, деп хабарлады АҚШ-тың Әділет министрлігі.

АҚШ-тағы тергеуге Австралия, Канада, Франция, Гернси, Италия, Монако, Нидерланды, Португалия, Швейцария және Ұлыбритания үкіметтері қатысты.

Unaoil – Ахсанилар басқаратын Монаколық компания, ол 1991 жылы құрылған. Unaoil-дың мақсаты «Тая Шығыстың, Орталық Азияның және Африканың энергетика саласы үшін өндірістік шешімдер дайындау» болып табылады.

Өз кезегінде, Ахсанилар отбасы – Ираннан шыққан белгілі бизнес-отбасы. Аталмыш әулетке Ата Ахсани екі ұлы – Сайрус және Саманмен бірге жетекшілік етеді. Үшінші ұлы Сассан жылжымайтын мүлік жөніндегі британиялық Lumina Real Estate Capital компаниясына жетекшілік етеді….

Сондай-ақ оқыңыз