Skip to main content

Бас генпрокуратура ескерту жасады

26-қазандағы наразылық акцияларын ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға қатаң шаралар қолданылатын болады

Фото: Shutterstock

Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтарды 26-қазанда Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымының шақыруымен заңға қайшы келетін митингтерге қатысудан аулақ болуға шақырды, деп жазады Интерфакс-Казахстан.

«Әлеуметтік желілерде сотпен экстремистік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымы (ҚДТ) мен оның жақтастары 2019 жылғы 26 қазанда кезекті заңсыз акцияларды ұйымдастырып, қатысуға шақырулар таратуда. Бас прокуратура құқық бұзушылықтың алдын алу, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында азаматтарды арандатушылық шақыруларға берілмеуге және экстремистік ұйымдардың заңсыз акцияларына қатысудан бас тартуға шақырады», - делінген қадағалаушы органның жұма күні таратқан хабарламасында.

Бас прокуратура қазақстандықтарды «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабына сәйкес экстремистік ұйымдарды тарта отырып, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге, олардың айырым белгілерін пайдалануға, экстремистік материалдарды таратуға жол берілмейтіндігі туралы ескертті.

Сондай-ақ ведомстводағылар рұқсат етілмеген наразылық акцияларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

«Заңсыз акцияларға қатысу фактілері расталған жағдайда құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 488-бабы бойынша жауапкершілік мәселесі қойылатын болады (50 АЕК-ке дейін айыппұл, 15 тәулікке дейін қамаққа алу))», - делінген хабарламада.

 

Егер осы іс-әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулі зиян келтірсе, ол қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, деп түйіндеді ҚҰ Бас прокуратурасындағылар...
 

banner_wsj.gif

Қазақстанның кейбір облыстарында су тапшылығы сезілуі мүмкін

Оған трансшекаралық өзен суының азаюы себеп

Жаңа егіс науқанының алдында еліміздің бірқатар аймақтарында су тапшылығы сезілуі мүмкін. Бұл туралы геология, экология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев суармалы жердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі қаралған үкімет отырысында мәлімдеді. 

Министр гидрологиялық болжам бойынша, биыл оңтүстік және батыс облыстарда су тапшылығы сезілуі мүмкін дейді. Бұған дейін ел үкіметі елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басым бағыт деп белгілеген еді. Осы орайда Мырзағалиев ауыл шаруашылық саласында жүрген шаруаларды қажетті сумен қатамасыз ету – осы міндеттің бір бөлігі деп тұжырымдайды.

«Осыған орай біз тиісті шараларды қабылдадық. Су қоймаларының жұмыс кестесі қайта қаралып, әзірленді. Оны дайындау барысында суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету есепке алынды. Қазіргі таңда су қоймалары толтырылып жатыр",- деді ол Үкімет отырысында. 

Қазақстанның трансшекаралық өзендері бастау алатын көрші елдер – Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда да су тапшылығы сезілуі жағдайды одан әрі ушықтырып тұр. Бұл өзендердің суы елдің оңтүстігі мен батысында ауыл шаруашылық мақсаттағы жерді суаруға пайдаланылады.

«Біз өз тарапымыздан өзбек, қырғыз және тәжік әріптестерімізбен тиісті  келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің басты назарда – Сырдария, Шу, Талас өзендері және мемлекетаралық каналдар бойынша Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарына қажетті су келуін қамтамасыз ету. Осыған орай, видеобайланыс арқылы 10 сәуірде су шаруашылық министрліктерінің арасында консультация өткізу жоспарланған»,– деп айтып өтті министр.

Минстрліктің мәліметі бойынша, Қазақстанда 1,5 млн гектар суармалы жер бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік облыстарға тиесілі. Былтыр сол жерлерді суару үшін 12,3 млрд м3 су жұмсалды. Бұл еліміз бойынша тұтынатын судың 67% құрайды.

Бір гектар жерді суаруға кететін су көлемін орта есеппен 6 м3-ке дейін азайтса, ұнемделген сумен тағы да 2 млн гектар жерді суғаруға болады екен. Сондықтан министр суды үнемдеу технологиясын көбірек пайдалану керек деп тұжырымдайды. 

«Тамшылатып суару, жаңбырлату және егіс көлемін жоспарлаудың жаңа технологиялары пайдаланылатын суды бұрынғы тәсілдермен салыстырғанда, 33 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы - шығындалған судың өнімділігі артады, 1 шаршы мерт суды пайдалана отырып, 2,5 есе көп өнім алуға болады»,– деді ол. 

Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында 205 километр канал тазаланды және бұл жұмыс әрі қарай жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, 335 гидротехникалық нысандар жөнделіп, 39 километр канал бетонмен қапталды.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif