Skip to main content

Алматыда есірткі лабораториясы жойылды

Мұнда синтетикалық есірткі заттары жасалған

Фото: knb.gov.kz

24-қазанда ҰҚК Алматыда астыртын зертхананың көзін жойды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Бір күдікті азамат құрықталып, зертхана бөлмесінен 2 кг синтетикалық есірткі заттары (эквивалент түрінде, бір жолғы екі мың дозадан астам) және 526 литр прекурсорлар тәркіленіп, сот-химия сараптамасына жіберілді.

Сонымен қатар, құрықталған А. деген азаматтың тұрғылықты жерінен визит карточкалары және есірткі заттарын сату жөніндегі аса ірі «Алтын Орда» интернет-дүкенінің логотипі бейнеленген  оттықтар табылды.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҰҚК Қылмыстық кодекс 297-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті тергеу изоляторына қамалып, қазір таңда тергеу амалдары жалғасын табуда.
 

banner_wsj.gif

Түркиядан оралған қазақстандықтардан коронавирус анықталған жоқ

Бүгін олар арнайы автобуспен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді

Фото: pavon. kz

Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласының 34 тұрғыны арнайы ұйымдастырылған автобуспен елордаға кетті. Олар Павлодарға Түркиядан  4 сәуір күні эвакуациялық рейспен ұшып келген еді.

Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері өзара келісімге келген: арнайы жасақталған автобус елордалық тұрғындарды карантиндік госпитальдан Нұр-Сұлтандағы бақылау-өткізу пунктіне дейін жеткізеді. Сол жерден оларды елорданың әкімдігі жіберген арнайы көлік күтіп алады. Барлық рәсімдер эпидемияға қарсы дезинфекциялық шаралар режимін қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Қалған жолаушылар, оның ішінде Павлодар облысының тұрғындары да бар, карантиндік госпитальде қалады. Олар сол жерде 14 күн бойы  медициналық бақылауда болады.

Айта кетейік, рейстегі 102 жолаушыдан алынған талдау нәтижелері бойынша, ешкімнен коронавирус инфекциясы анықталмады.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif