1 view

Қазақстанның ЖОО-лары әлемдік рейтингте нешінші орында?

Елімізде 125 жоғары оқу орны жұмыс істейді

Фото: Shutterstock.com

Қазақстан ЖОО-ларының әлемдік рейтингтерде алған орындары көңіл көншітпейді. Ең жоғары көрсеткішке ие деген ҚазҰУ-дың өзі 1000 ЖОО-ның ішінде 207-орынға жайғасқан, деп жазады Finprom.kz. 

Quacquarelli Symonds World University Rankings әлемдік рейтингіне кірген қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде ең үздік көрсеткішке  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ие, ол америкалық Дартмут колледжі және австралиялық Ньюкасла университетімен бірге рейтингтегі 207-орынды бөліскен.  

Аталмыш рейтингтегі алғашқы ондықты АҚШ, Ұлыбритания және Швейцария ЖОО-лары ұстап тұр. Ал Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 418-орынға жайғасқан.

Ал Еуропа мен Орта Азия дамушы елдерінің жоғары оқу орындарына арналған  рейтингте  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Литваның  Вильнюс университетімен 18-орынды бөліскен. Ал  ЕҰУ  – 51-ші орында. Бұл рейтингте Ресей, Эстония, Чехия және Польша оқу орындары үздіктердің қатарында. 

Қазіргі кезде басында елімізде 125 жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 604,3 мыңға жуық студент  білім алады. Айта кетерлігі, студенттер саны бір жылда 11,4%-ға, педагогикалық құрам тек 0,5%-ға өскен.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер