1 view

Қазақстандағы 2 ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылды

Қазіргі кезде сот процесі жүріп жатыр

Фото: Shutterstock

Орталық Азия университеті мен Қазақстан теңіз университетінің лицензияларын қолдану тоқтатылды, деп хабарлайды БҒМ баспасөз-қызметі. 

«ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 2019 жылғы 3-желтоқсанда аталған ЖОО лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы қаулы қабылдады», – делінген баспасөз-қызметі таратқан хабарламада.

Ведомстводағылар Орталық Азия университеті мен Қазақстан теңіз университеті бұрын анықталған кемшіліктерді түзетпегенін атап өтті.

«Бүгінгі күні Орталық Азия университеті мен Қазақстан теңіз университетінде білім беру саласындағы заңнама талаптарында бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ҰБТ-ның шекті балын жинай алмаған немесе ҰБТ сертификаттары жоқ, сондай-ақ, түсу емтихандарының нәтижесі жоқ талапкерлерді қабылдау жағдайлары орын алған», – дейді министрлік. 

Сонымен қатар, аталған университеттерде білім беру үрдісі толығымен сапалы профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілмеген.

«Нәтижесінде, түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие болмай қалады. Кадрларды даярлаудың көптеген бағыты бойынша жұмысқа орналасу пайызы белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, яғни 50%-дан кем».

Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының Комитет шешімдеріне шағымдануы бойынша сот процестері жүріп жатыр.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер