1 view

Қазақстанда қанша студент тегін оқиды

Елімізде 125 жоғары оқу орындары жұмыс істейді

Фото: Shutterstock

2019/2020 оқу жылының басына дейін Қазақстанда   125 жоғары оқу орны жұмыс істеген, оладың 84 немесе 67,2% — жеке меншіктегілер. Жоғары оқу орындардың (ЖОО) ең көп саны еліміздегі негізгі үш мегаполисте: Алматыда (41 жоо), Нұр-Сұлтанда (15 жоо), Шымкентте (10 жоо) шоғырланған, деп жазады Finprom.kz.

Еліміздегі студенттердің жалпы саны 604,3 мың адамды құраған— бұл алдыңғы оқу жылындағыға (542,5 мың адам) қарағанда, 11,4% артық. Олардың ішінде, білім алатын қыздардың саны 321,6 мың адамды немесе 53,2%-ды құраған.

Студенттердің жалпы санының 79,6% күндізгі бөлімде, 14,9% — сырттай, 5,5% — кешкі бөлімде білім алуда, атап айтарлығы, студенттердің барлық контингентінің 39,9% мемлекеттік жооларда оқиды.

Мемлекеттік гранттар есебінен білім алып жатқан студенттер саны 180,1 мың адамды (29,8%), ал ақылы негізде оқитындар саны 424,3 адамды (70,2%) құрайды.

Ағымдағы оқу жылының басына қарай, республиканың жооларында 38,5 мың оқытушылар еңбекпен қамтылған, олардың арасындағы 3,3 адам (8,5%) ғылым докторы, 12,7 адам (33,1%) — ғылым кандидаты дәрежесіне, 2,5 адам (6,4%) —профессор, 5,9 мың адам (15,3%) —доцент атағына ие. 2,6 мың оқытушы (6,8%) философия (PhD) докторы, 235 адам (0,6%) — сала бойынша доктор, 13 мың оқытушы  (33,8%) — магистрдің академиялық дәрежесіне ие.

Кто учится бесплатно.png

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте жоғары білім саласындағы қызмет көрсету көлемі 229,5 млрд теңгені құрап, бір жылда 10,8%-ға артқан. 2018 жылдың тиісті мерзімінде бұл сома 207,1 млрд теңгені құраған.

Аймақтарға бөлгенде, жоғары оқу орындары көрсеткен қызметтердің неғұрлым көп көлемі, өзіміз күткендей ,Алматының үлесінде: 84,8 млрд теңге, немесе еліміздегі жалпы соманың 37%.

Аймақтардың көшбасшы үштігіне Нұр-Сұлтан қаласы (57 млрд теңге, немесе 24,8%) мен Қарағанды облысы (14,7 млрд теңге, немесе 6,4%) кірген.

Ал аймақтардың ТОП-5-не, сонымен қатар, Шымкент (12,8 млрд теңге) және Ақтөбе облысы (9,6 млрд теңге) кірген. Осы аталған бес аймақтың үлесіне жоғары білім саласында ҚР бойынша көрсетілген қызметтің 178,9 млрд теңгесі, немесе 75%-ы келген.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер