Білім министрлігі балаларды үйде оқыту мүмкіндігін қарастыруға әзір

Жарияланды
Әзірге нақты шешім шықпаған

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  әлемде кеңінен таралып келе жатқан «үйде оқыту» әдісіне қатысты өз пікірін білдірді. 

Homeschool (үйде оқыту)  қозғалысы батыс елдері мен көрші Ресейде жақсы дамыған. 
Қазіргі кезде Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту жүйесі қалыптасқан. Мұндай оқушыны үйге келетін мұғалімдер жеке бағдарлама бойынша оқытады. Дегенмен бала денсаулығында ешқандай кінәрат болмаса, мектепке бармай-ақ, үйден білім беру мәселесі қарастырылып жатыр ма деген сұраққа министр:

«(Қазақстанда– Курсив) бұл мәселе қарастырылып жатыр, одан әрі шешім қабылдайтын боламыз», – деп жауап берді. 

Жалпы, Асхат Аймағамбетов балалардың қоғамда, соның ішінде, мектеп қабырғасында білім алуын қолдайды. 

«Балалар қоғамда өзін-өзі ұстауды үйреніп, өмірде қажет дағдыларды қалыптастырады. Мектеп қабырғасында білім алу – өмірлік қажеттілік деп санаймын. Балалардың онда өздерін жайлы сезінуіне, мектепке қуана-қуана баруына барлық жағдайды жасаймыз», – деді министр. 
 

Сондай-ақ оқыңыз