1 view

Bek Air авиакомпаниясы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

Қазіргі таңда компания арнайы қызметтердің ресми ақпаратын күтіп отыр

Фото: Эдуард Галеев, пресс-служба международного аэропорта Алматы

27-желтоқсанда ұшағы Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air авиакомпаниясының баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Құрметті қазақстандықтар, қайғылы оқиға байланысты BEK AIR авиакомпаниясы атынан шын жүректен көңіл айтамыз. 
Қазіргі таңда біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқан арнайы қызметтердің ресми ақпаратын күтіп отырмыз. Оған дейін сіздерден таратылып жатқан жалған ақпаратқа назар аудармауды өтінеміз, себебі олар алаяқтық сипатта болуы мүмкін. Сіздерден өтінеміз, сабыр сақтап, ресми ақпаратты күтіңіздер», - делінген авиакомпанияның Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған хабарламасында. 

катастрофа самолета.jpg

27-желтоқсанда таңертең Bek Air авиакомпаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Таңғы сағат В 07.22-де № Z2100 рейсіін орындаған ұшақ әуеге көтерілу кезінде бетон қабырғаны бұзып, екіқабатты құрылысқпен қақтығысқан болатын. Әуе к. Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан 15 адам қазаға ұшырап, 66 жолаушы ауруханаға жеткізілсе, олардың арасындағы 50 адам ем қабылдауға жатқызылды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер