«Болашақ» бағдарламасы мемлекеттік қызметшілерге арналған квотаның күшін жояды

Келесі жылдан стипендияны тағайындау тәртібі өзгереді

Фото: Shutterstock.com

ҚР білім вице-министрі Рүстем Биғары ОКҚ-дағы брифингте келесі жылы «Болашақ» стипендиясын тағайындау тәртібіне қандай жаңалықтарды енгізу жоспарланып отырғаны туралы айтып берді.

Оның айтуынша, бірінші кезекте, «ел экономикасына аса қажетті нақты мамандық иелерін дайындау үшін», басты назар басымдық берілген мамандықтарға аударылады. 

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) стипендиаттарды шетелге жіберуден бұрын, ағылшын тілі бойынша алдын ала дайындықтан өткізуден бас тартпақшы. Өйткені қазіргі таңда үміткерлер ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгерген. Ал дайындық өткізуден бас тарту бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Атап айтарлығы, бейінді ведомство барлық квоталардан бас тарту туралы тоқтамға келіпті, оның ішінде, мемлекеттік қызметшілер үшін, инженернер-техникалық мамандықтар үшін.

«Бұл квоталар күшін жояды. Барлығына ортақ бір конкурс және мақсатты дайындық болады», - деді сөзін нақтылаған спикер.

Шетелдік жоғары оқу орындарының өздеріне қойылатын талаптар да өзгереді. Енді басымдық тар шеңберде мамандандырылған университеттерге беріледі. Бұрнағы жылдарда басты назар рейтингте жоғары орындарда тұрған шетелдік ЖОО-ларға беріліп келген-ді.
 
Естеріңізге салсақ, биыл стипендия 234 қазақстандыққа тағайындалды. Олар шетелдерде магистратура мен докторантурада білім алады. «Болашақ» стипендисиясы 1993 жылы тағайындалған болатын. Бағдарлама жүзеге асырылып келе жатқан 26 жылда 10 854 маман дайындалды. Түлектердің жалпы санының 54,3% оқуды әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар, 36,7% - инженернерлік-техникалық, 7,2% медициналық және 1,8% - шығармашылық мамандықтары бойынша тәмәмдады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif