Ағылшындар Өзбекстанда фармацевтика университетін ашпақ

Жарияланды
Ондағы оқу британдық стандарттарға сәйкес ұйымдастырылатын болады

Өзбекстанда Өзбек-британ фармацевтика университетін ашу жоспаланып отыр. Ондағы оқу Ұлыбританияның білім беру стандарттарына сәйкес жүргізілетін болады, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

ӨР Денсаулық министрлігінің Фармацевтика өндірісін дамыту жөніндегі агенттігі директоры Сардор Кариев пен Де Монфорт университетінің ғылыми байланыстар жөніндегі проректоры Саймон Олдройд арасындағы келіссөздерде тиісті келісімдерге қол жеткізілді.

Жоғары оқу орнының өз кампусы, сондай-ақ жаңа дәрілерді жасау мен тексеруге арналған технопаркі болады, деп жоспарланып отыр.

Де Монфорт университеті Англияның Лестер қаласында орналасқан. 2017 жылы ол Times Higher Education нұсқасы бойынша әлемдегі үздік 150 жас жоғары оқу орнының қатарына кірген. Онда 20 мыңнан астам студент білім алуда, оқу орнының жылдық айналымы 160 млн фунт стерлингтен асып жығылады.

Атап айтсақ, Өзбекстанда 11 медицина университеттері мен олардың филиалдары жұмыс істейді. Фармацевтика саласына келетін болсақ, оның құрамында бірнеше кәсіпорындар бар. Бұдан бөлек, республикада біріккен өндіріс ашу мақсатында мемлекетаралық келіссөздер жүргізілуде. Қарашаның басында Қытай компаниясы өзбек тарабымен дәрілерге қажетті әрекет етуші заттарды өндіру бойынша зауыт пен технопарктің жобасын талқылады. Беларус өндірушілері де фармөнімдерін шығаруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз