Шетелде тегін оқу үшін не істеу керек?

Нақты он қадам

Фото: Shutterstock

Шетелдік жетекші ЖОО-ға түсуге дайындық ертерек басталғаны жөн. Білім беру орталығының мамандары 11-сынып оқушысының жарты жыл репетитормен дайындалуы өте аз деп тұжырымдайды. Осы орайда «Курсив» білім беру нарығы өкілдерімен сөйлесіп, шетелде оқуға қажетті грант алу мүмкіндігін арттыратын 10 қадамның тізімін жасады. 

1. ЖОО мен оқу бағдарламасын таңдап, барлық қажетті ақпаратты жинау. Оқуға барардан бір жарым жыл бұрын, шетелдік бір немесе бірнеше оқу орны таңдалып, олардың қабылдау шарттары туралы барлық ақпарат: өтінім берудің соңғы мерзімі, қабылдау талаптары, қажетті құжаттар жиынтығы жиналуы тиіс. Бұл ретте ақпаратты интернеттен іздеуге, студент-консулға хабарласуға немесе білім беру орталықтарының қызметкерлерімен кеңесуге болады. Егер сіз магистратураға қызығушылық танытсаңыз, шетелдік ЖОО сайттарының scholarships, finаncial aid және bursaries сынды бөлімдерін мұқият зерттеп шығыңыз. 

2.Салалық пән мен оқыту тілін үйрену. Егер болашақ талапкер экономикалық мамандықты таңдаса, онда математика пәнінен білімі жақсы болуы шарт, сондықтан алдын-ала репетитормен дайындалғаны жөн. «Баланың шетелдік ЖОО-ға түсу дайындығын 8-9 сыныптан бастаған дұрыс»,– дейді LOGOS білім беру орталығының директоры Алтынбек Бегалиев. Болашақ талапкердің соңғы үш жылдағы оқу үлгерімі өте жақсы болуы керек (9,10,11 сынып). Айталық АҚШ-тың «Шырмауық лигасына» кіретін оқу орындарына түсу үшін GPA (диплом немесе аттестаттың орташа балы) 3,8-4,0 болуы талап етіледі. 

Шетелдік ЖОО-ға грантқа түсудің басты шарттарының бірі – шет  тілін, ағылшын тілін жетік білу. Егер TOEFL (Test of English as a Foreign Language) емтиханын қарастырсақ, IBT 100-ден төмен емес, ал IELTS (International English Language Testing System) бойынша көрсеткіш 7,5 болуы қажет.

3. Бірнеше грант байқауына қатысу. Шығынның бір бөлігін жабуға ықпал ететін бірнеше грантқа қатысқан дұрыс. Бұндай стратегия қажетті соманы жинау мүмкіндігін арттырады. 

4. Гранттық байқауға құжаттарды дер кезінде өткізу. Байқауға құжат жіберу мерзімі әдетте байқау шарттарында көрсетіледі. Белгіленген мерзімнен кешігіп жеткен құжаттар қаралмайды. Сонымен қатар, жеңімпаз анықталатын уақыт туралы да ақпарат беріледі. Соны ескере отырып, оқу ақысын төлейтін кезге дейін грант қаржысын алуға болады.
 
5. Атқарылатын шаруалардың нақты жоспары мен кестесін жасау. Егер сіз бірден бірнеше конкурсқа қатысуға бел бусаңыз, онда кейбір мәселелер назарыңыздан тыс қалуы бек мүмкін, өйткені барлығын ескеруіңіз керек: дипломның аудармасын нотариалды растау, транскрипт дайындау, ұсыныс жазғызу, уәждемелік хат дайындау, құжаттарды дұрыс рәсімдеу және т.б. Ештеңені ұмытып, мерзімінен кешіктірмес үшін, атқарылатын шаруа мен олардың уақыты нақты жазылған кесте құрып алыңыз.   

6.Гранқа құжат тапсырмас бұрын, байқау қатысушыларына қойылатын талаптарға сай келетіңізді тексеріңіз. Барлық грант байқауларының қатысушыларға қоятын өзіндік талаптары бар. Мәселен, кейбір гранттар тек Еуроодақ мемлекеттерінің үміткеріне берілуі мүмкін. Бұндай жағдайда оған құжат тапсырудың еш мәні жоқ, сондықтан Chevening сынды бағдарламаларға назар аударған жөн. Бұл бағдарлама бойынша гранттар бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған мемлекеттерден қатысушыларға беріледі. 

7. Уәждемелік хат жазу. Құжаттардың типтік жиынтығында міндетті түрде шет тілде жазылған уәждемелік хат болады. Оның міндеті - конкурс комиссиясына өзіңнің грантқа лайықты үміткер екеніңді дәлелдеу. Мотивациялық хаттың мазмұнын өзгертіп, оны нақты жағдайға қарай бейімдеген жөн. Үміткерлердің ғылым мен білім саласындағы жетістіктерін есепке алатын гранттық байқаулар бар, сондықтан бұндай жағдайда мектептен тыс жетістіктерді айтудың қажеті жоқ. Өзгелері  үміткерлердің академиялық және басқа да жетістіктерін ескереді. Ал кейбір гранттар тұрмысы төмен отбасынан шыққан үміткерлерге арналады. 

8. Сауалнама толтыру. Сауалнаманы артық ақпаратпен ауырлатпаңыз, оны уәждемелік хатқа қалдырыңыз. Егер сауалнамада сіз жауап бере алмайтын сұрақтар болса, онда қысқа ғана «n/a» деп толтырыңыз.

9. Құжаттарды дұрыс  рәсімдеу. Құжаттарды нақты талаптарға сай рәсімдеу қажет болғанда, үлгіден  ауытқудың қажеті жоқ. Бұл мәселеде шығармашылыққа жол жоқ, оны уәждемелік хат жазғанда қолданған орынды. Бұл байқау комиссиясына өтініш беруші тіпті қарапайым іс-әрекетті дұрыс орындауға қабілетсіз деген әсер қалдырады. Үлгілік талаптар ұсынылмаған жағдайда, қатаң ресми стильді ұстаныңыз. Конкурстық құжаттар қатесіз, сауатты толтырылуы тиіс.

Құжаттарды конкурс комиссиясына жібермес бұрын, оның  дұрыс рәсімделгеніне және толық екеніне көз жеткізіңіз. Бұл қағаздар ең алдымен құжаттарды рәсімдеу ережелері мен жиынтығы туралы нақты нұсқаулықпен жұмыс істейтін адамдардың қолына түседі. Ал дұрыс рәсімделмеген құжат конкурс комиссиясының қолына тимей қалуы да мүмкін. 

10. Құжаттардың көшірмесін жасап алу. Конкурсқа қажетті құжаттардың басым бөлігі электронды түрде жіберілсе де, транскрип, дипломның аударылған көшірмесі сынды құжаттарды қағаз түрінде жіберуге тура келеді. Бұл құжаттардың бірнеше көшірмесін жасап алған дұрыс, өйткені жіберілген қағаздар алда-жалда жоғалып кетсе, бірден қайта жіберуге мүмкіндік болады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif