Gap киім ретейлерінің акциясы 44 пайызға қымбаттауына қандай негіз бар?

Жарияланды
«Фридом Финанс» сарапшылары инвестидея ұсынады

«Фридом Финанс» инвестициялық компаниясының сарапшылары  Gap ( NYSE тикері: GPS) киім ретейлерінің акциялары ұзақ мерзімді инвестиция салуға тартымты құрал деп пайымдайды. Талдау жасалған сәттегі бір акция құны – $23,96 болса, алдағы уақытта ол $34,51 дейін қымбаттауы ықтимал. 

Gap Inc.  – АҚШ-тағы ең үлкен киім ретейлері және әлемдегі үшінші орында тұрған (Inditex және шведтік H&M-ден кейінгі) киім сататын дүкен желісін иеленетін компания. Компанияның штаб-пәтері Сан-Бруно, Калифорния (АҚШ) қаласында орналасқан.

Gap Inc бренд портфеліне Gap, Old Navy, Banana Republic және Athleta кіреді. Пандемия соңғы онжылдықта онсыз да үлкен қысым астында тұрған сала эмитенттеріне теріс әсер еткенімен, Gap жаңа жағдайға бейімделе алды. Athleta Premium Fitness және Old Navy сегменттері ерекше күшті динамиканы көрсетті.

26 тамызда Gap II тоқсан есебін жариялады. Компаниян кірісі $4,2 млрд (+28,4% г/г) құраған. Бұл –нарықтық болжамнан әлдеқайда жоғары көрсеткіш. 

Мұндай өсім тек 2020 жыл сәйкес кезеңдегі негізгі көрсеткіштердің төмен болғанына байланысты емес. Таза сатылым 2019 жылдың II тоқсанындағы деңгейден 5%-ға асып түсті,  сондай-ақ, маржа шығынын азайту және компанияны қайта құрылымдау аясында жүзеге асырылған шаралар өсімге ықпал етті. Жалпы пайда 820 негізгі тармаққа, былтырғы 35,1%-бен салыстырғанда, 43,3%-ға дейін өскен. Бұндай динамикаға көлемі екі жыл ішінде 65 пайызға өскен онлайн сауда-саттық та өз септігін тигізді. Қазіргі кезде онлайн-сауда жалпы бизнестің 33 пайызын құрайды. Сонымен қатар Gap тиімсіз дүкендерді оңтайландырумен айналысады, бұл өз кезегінде маржаға оң әсер етеді.

Компания халықаралық нарықты жаулап алумен қатар, Athleta және Old Navy жылдам дамып келе жатқан сегменттеріне инвестиция салуға бағыт алған. «Фридом Финанс» ИК сарапшылары компания құрамындағы дүкендердің салыстырмалы сатылымы жыл сайын 3 пайызға, ал  2019 жылмен салыстырғанда 12%-ға артқанын атап өтті.  Өсімнің негізгі драйверлері – Athleta және Old Navy: бұл бағыттардың салыстырмалы сатылымы екі жылда 27 және 18 пайызға артқан. 

Ұзақ мерзімді болашақта тұрақты өсімді қамтамасыз ету үшін компания басшылығы назар аударатын бірнеше саланы атап өтеді. Біріншіден, Gap жаңа өнім санаттары есебінен жергілікті дүкендер желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Нақты айтсақ, Old Navy бренді үлкен размердегі әйелдер киімі ассортиментін кеңейтпек. Жалпы, бұл нарық 120 миллиард долларға бағаланады, ал компания басшылығы оған айтарлықтай үлес қосуға ниетті. Екіншіден, компанияның цифрлық трансформациясы жалғасуда. Интернеттегі сатылымның өсуінен бөлек, Gap технология мен инфрақұрылымға инвестиция салуды жалғастырып жатыр. 

Мәселер, компания Drapr электрондық коммерция стартапын және клиенттерге 3D аватарын тез жасап, киімді виртуалды түрде киіп көруге мүмкіндік беретін онлайн қосымшаны сатып алды. 2019 жылмен салыстырғанда дүкен саны шамамен 200-ге қысқарғанымен, компания екі жыл ішінде таза сатылым деңгейін екі есе арттыра алды. Бұл  нарықтың бірақ бөлігін жаулап алған Old Navy және Athleta флагмандық брендтерінің әлеуетін байқатады. Басқаша айтқанда, Gap Inc. тиімді бизнеске айналып келеді. Сонымен,  сатылым деңгейін 35 және 21 паызға көтерген Athleta және Old Navy брендтерінің Gap Inc. Сауда-саттығындағы үлесі 65 пайызға жетті. 

2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 70%-ға жетеді деген болжам бар. Инвестиция мамандарының пікіріне сүйенсек, бәсекелестермен салыстырғанда GPS акцияларының құнындағы жеңілдік көбінесе gap және Banana Republic бағыттарының әлсіз динамикасына байланысты. Алайда, «Фридом Финанс» ИК сарапшылары пандемия біткен кезде аталмыш сегменттерде сауда-саттық жақсарып, жеңілдік төмендей бастайды деп тұжырымдайды. Олар Gap Inc акцияларын айтарлықтай өсу әлеуеті бар тартымды инвестиция құралы санайды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз