Қазақстанның орнықтылық қоры алғашқы купондық сыйақы төледі

5,95 млрд теңге сомасында төледі

Фото: Shutterstock

«Қазақстанның орнықтылық қоры» екі жылдық облигациясын ұстаушыларға алғашқы купондық сыйақы төледі. 

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ («ВВВ»/болжамы «Тұрақты», Fitch – бұдан әрі ҚОҚ) ISIN KZ2C00006211 екі жылдық облигацияларын ұстаушыларға бірінші купондық сыйақыны 5,95 млрд теңге сомасына уақтылы және толық көлемде төледі.

Бұл төлем 2019 жылғы 29 қыркүйекте жылдық 10,25% орташа мөлшерленген кірістілігімен 70 млрд теңге сомасына орналастырылған екі жылдық облигациялардың дебюттік шығарылымы бойынша жүргізілді.

ҚОҚ облигацияларының негізгі ұстаушылары екінші деңгейдегі банктер, институционалдық инвесторлар және заңды тұлғалар болып табылады.

ҚОҚ облигациялары мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейлі банктерден ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мақсатында шығарылады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif