Қазақстанның сыртқы сауда айналымы төмендеп кеткен

Жарияланды
Оған себеп – коронавирус пандемиясы

Жарты жылда Қазақстанның әлем елдерімен жасаған сауда-саттығы –  7,4 пайызға, еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттермен арадағы саудасы бірден 10 пайызға кеміп кеткен. Коронавирус пандемиясы  Қазақстанның ғана емес, әлемдегі сауда-саттыққа зардабын тигізіп тұр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлады.

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында сыртқы саудадағы тауар айналымы $42,5 миллиардты құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ($45,9 млрд) 3,4 млрд теңгеге немесе 7,4%-ға аз,

«Қазақстаның жері үлкен, ал халқының тығыздығы төмен. Қалалардың арасы алыс, сыртқы нарыққа шығар жол да ұзақ. Сондықтан, біздің алдымызда бәсекеге қабілетті өнім шығару ғана емес, оны нарықта таныту, шетелге өткізу мәселесі тұр: оны алыс Еуропа немесе Америкаға жеткізу керек. Ал қазір тек сапасы жоғары өнімді өткізу тиімді», – деді Сұлтанов.

Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов үкімет қазақстандық цифрлық сауда алаңдарын ынтыландырудың жаңа шараларын пысықтап жатқаыны айтып өтті. 

«Қосымша КТС пен ЖТС төлеуден босату мәселесі пысықталуда», – деп мәлімдеді Сұлтанов.

Ұлттық Банкпен бірлесіп «төлем жүйесі арқылы  электрондық коммерцияны дамытуды ынталандыру мәселесі» пысықталып жатыр.

Биыыл жыл соңына дейін 900 млрд. теңге, ал 2022 жылға қарай онлайн сатып алу көлемі елдегі барлық бөлшек сауданың 2 триллионына немесе 13%-ына жетуі мүмкін.

Сұлтановтың айтуынша, 2025 жылға қарай электрондық коммерцияның  нарықтағы үлесі 15%-ға жетеді.

Қазіргі кезде 42 қазақстандық бренд Alibabaда сауда жасаса, тағы 3 компания дайындық жүргізіп жатыр. Сонымен қатар,  21 қазақстандық компания Wildberries-те сауда жасайды.

Министрдің айтуынша, сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту шегінде қазақстандық компаниялардың осы алаңдарға шығуы жөнінде Alibaba, Ebay, Amazon және Wildberries келіссөздер жүргізуде.

«42 қазақстандық бренд Alibabaда өкілдік етеді, тағы 3 компания витриналар дайындауда. 21 қазақстандық компания Wildberries-те сауда жасайды», – деді Бақыт Сұлтанов.  

2022 жылдың соңына дейін Wildberries компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаны іске асырмақ.  Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында шамамен 5 мың жұмыс орны құрылып, 100 мың шаршы метрлік логистикалық орталық салынуы тиіс.

 

Сондай-ақ оқыңыз