Қытай 850-ден астам импорттық тауарларға баж салығын төмендетеді

Мұндай шаралар қытайлық тұтынушылардың шетелдік өнімдерге деген өсіп жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін қолданылып отыр

Фото: Shutterstock

Қытай билігі 2020 жылғы 1-қаңтардан 850 астам импорттық өнімдерге баж салығын төмендетпек. Бұл турасында дүйсенбіде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің тариф және салық саясаты жөніндегі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Импортты кеңейту және шетелден жеткізілетін өнім масштабын кеңейту жөніндегі әлеуетті күшейту мақсатында 2020 жылғы қаңтардан 850-ден астам тауарға салынатын баж салығы өзгеріп, ол неғұрлым қолайлы тәртіпке ие болған елдерге арналған тарифтерге қарағанда, төмен болады», – делінген таратылған хабарламада.

Онда мұндай шаралардың қытайлық тұтынушылардың шетелдік өнімге деген өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін қолданылып отырғаны туралы айтылған. 

Қытайдың Қаржы министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, баж салығы азық-түлік тауарларының, өндіру салалары мен химия өнеркәсібі өнімдерінің, сондай-ақ мұнай өнімдерінің кең тізіміне, атап айтқанда, авиация керосиніне (9%дан 0%-ға дейін) және дизельдік отынға (6%-дан 1%-ға дейін), киім мен кілемдерге (6%-дан 5%-ға дейін), өнеркәсіптік, теледидарлық және арнайы құрал-жабдықтарға, оптикалық приборларға және тракторлардың, электрогенераторлардың кейбір түрлеріне.

Қаржы министрлігі атап өткендей, сонымен қатар, 2020 жылғы 1-қаңтардан телекоммуникация құрал-жабдықтары мен ұйымдастыру техникасына салынатын тарифтер де төмендетілетін болады. Бұдан бөлек, министрлік келесі жылы ҚХР билігі өзара саудадағы шектеулерді алып тастау жөнінде келісімге келген 23 елдер мен аймақтардан әкелінетін тауарлаға баж салығы бұдан да көп мөлшерде төмендетілетінін атап өтті,олардың арасында, атап айтқанда, Австралия, Грузия, Исландия, Коста-Рика, Жаңа Зеландия, Пакистан, Перу, Корея, Сингапур, Швейцария және Чили Республикалары, сондай-ақАзия-Тынық мұхиты елдері бар.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg