Өзбекстан ДСҰ-ға тезірек кіруге мүдделі

Бұл турасында елдің сыртқы істер министрлігінің басшысы мәлімдеді

Фото: Hector Christiaen/Shutterstock

Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздер процесінің тезірек аяқталуына мүдделі. Бұл турасында Брюссельде республика мен Еуродақ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңес отырысының қорытындылары бойынша өткен бапасөз мәслихатында елдің сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов мәлімдеді.

«Біз (нақты) мерзімді белгілемейміз. Бірақ бүкіл келіссөздер жүргізу процесін: әріптестік, Еуропалық одақпен ынтымақтастық және ДСҰ-ға кіру туралы келісімдерге қол қоюды неғұрлым тезірек аяқтауға ниеттіміз», – деп жазады Өзбекстан СыртқыІсмині басшысының сөзін келтірген ресейлік «Прайм» экономикалық ақпарат агенттігі.

Атап айтарлығы, Абдулазиз Камилов ЕО арадағы әріптестік туралы келісімге келесі жылы қол қою мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ.

Өзбекстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер процесін қайта жаңғыртқаны туралы 2017 жылғы қарашада президент Шавкат Мирзияевтің Оңтүстік Кореяға жасаған сапары кезінде белгілі болған еді. Үстіміздегі жылғы шілдеде ел ұйымға кіру кезінде қарастыру үшін сыртқы сауда тәртібі туралы жаңартылған меморандумды өткізген болатын.  

Естеріңізге салсақ, ТМД елдері арасында келесі мемлекеттер ДСҰ мүшесі болып табылады: Қырғызстан (1998 жылдан), Молдавия (2001), Армения (2003), Украина (2008), Ресей (2012), Тәжікстан (2013) және Қазақстан (2015). Қазіргі таңда Әзірбайжан, Белоруссия, Түркіменстан және Өзбекстан ДСҰ-дан тыс қалып отыр....
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif