Еуропалық банктер Visa мен MasterCard карталарынан бас тартпақ

Бұл туралы француз бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады

Фото: Levent Konuk/Shutterstock

Еуропаның 20 банкі бірлесіп, Visa және MasterCard сынды америкалық карталарды алмастыратын бірегей төлем жүйесін жасап жатыр деп жазады РБК агенттігі. Бұл туралы француздың AFP порталы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Бұл жоба PEPSI (Pan-European Payment System Initiative) атауын иеленген. AFP дереккөзінің айтуынша, Франция банк секторы үшін PEPSI – Еуропа орталық банкінің Еуропадағы төлемдердің тәуелсіздігі жөніндегі пікірімен байланысты  туындаған саяси бастама.

Оның көмегімен бейматериалды төлемнің барлық түрлерін басқаруға болады.

AFP хабарлауынша, 5-қараша күні Revue Banque ұйымдастырған конференцияда BNP Paribas банкінің пластикалық карта басқармасының басшысы осы әзірлеме туралы айтып өткен. 

Алайда агенттік ешбір қаржы ұйымы осындай төлем жүйесін жасауға қатысып жатқанын растамады деп жазады. Ал банк секторындағы жеке дереккөздері бұл жоба жұмысына француздың бірнеше банкі мен Deutsche Bank те қатысып жатқанын мәлімдеген.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif