Қырғызстанда жоғары медициналық білім беру бағдарламасына лицензия беру тоқтатылды

Жарияланды
Шектеу 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізілді

Министрлер кабинеті жоғары медициналық білім беру бағдарламасына лицензия беруге уақытша мораторий енгізді. Бұл туралы 24.kg сайты оның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Тиісті шешімге төраға Ақылбек Жапаров қол қойды.

Шектеу 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін республиканың жоғары оқу орындарында медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында енгізілген.

Баспасөз қызметі соңғы жылдары елде жоғары білімі бар медициналық кадрларды дайындайтын жоғары оқу орындарының саны айтарлықтай артқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта жоғары білімі бар медициналық кадрларды 22 жоғары оқу орны, оның ішінде бес мемлекеттік және 17 жекеменшік жоғары оқу орындары дайындайды.

2016-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінде оқытатын шетел азаматтары үшін 12 жылдық білім негізінде бес жылдық оқу мерзімі бар «Жалпы медицина» бағдарламасын жүзеге асыратын 10 жаңа жоғары оқу орны ашылды.

Осы уақытқа дейін лицензия алуға өтініштер қабылдануда (бес өтініш қарауда), олардың барлығында жеткілікті клиникалық база және қажетті штаттық кесте жоқ.

Министрлер кабинеті жоғары оқу орындарының тиісті кадрлық, әдістемелік және басқа да ресурстық қамтамасыз етусіз медициналық бағдарламаларға лицензия алуға әрекеттенетінін қосты. Бұл жоғары медициналық білім сапасының күрт төмендеуіне әкелді.
 

Сондай-ақ оқыңыз