Үш мегаполис пен 6 облыс «қызыл» аймақта тұр

Жарияланды
Тек екі облыста эпиджағдай тұрақты

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша, еліміздің 9 өңірі «қызыл» аймаққа кірген. Өткен тәулікте 2711 адамнан коронавирус анықталған. 

Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары «қызыл» аймақта. 

 Ал «сары» аймақта  – Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл»  аймақта тұр. 
 

Сондай-ақ оқыңыз