Pfizer вакцинасы Қазақстанға қашан жеткізіледі?

Жарияланды
Денсаумин өндіруші компаниямен келісімге келген

Pfizer компаниясымен 2021 жылдың IV тоқсанында вакцина жеткізу жөнінде алдын ала келісім жасалды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

«2021 жыл наурыздан бастап Pfizer компаниясының өкілдерімен Сovid-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөздер басталды. Министрлік пен «Pfizer» компаниясының арасындағы өзара іс – қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды»  делінген ведоство таратқан хабарламада. 

Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша «Pfizer» компаниясымен тұрақты негізде келіссөздер жүргізіп жатыр, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде кеңес өткізілген. 

 

Сондай-ақ оқыңыз