1 view

Алматыда онкологиялық науқастар ерте анықталып, дер кезінде емдеу жүргізілуде

Дәрігерлер кем дегенде күніне 15 ота жасауда

Фото:okagazeta.ru

Алматы онкологиялық орталығының дәрігерлері коронавирус пандемиясы кезінде қабылдауды, диагностиканы, емдеу жүргізуді жалғастырып күніне кем дегенде 15 ота жасауда.Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Мәселен, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Алматының онкологиялық орталығында барлығы 4 мыңнан астам онкологиялық науқас емделіп шықты, бұл дегеніміз өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 14,9%-ға көп.
Емдеу ауқымының артуы арқасында өлім-жітім азайып, пациенттердің ғұмыры ұзаруда. 
Науқастарға 600-ге жуық ота жасалды, 3549 пациент химиотерапия алды, 200 пациент сәулелік терапиямен емделді.
Алматыда үш ай ішінде алғашқы қатерлі ісіктің белгілері байқалған 1092 науқас тіркеуге алынды. Тек онкологиялық скринингтерді жүргізу барысында 46 қатерлі ісік белгілері ерте анықталды

Онкологиялық орталықтың бас дәрігері Нұрсұлтан Ізмағамбетовтың айтуынша, Алматыда аурудың құрылымы бойынша сүт безінің қатерлі ісігі 1-орында (15,8%), 2-орында — колоректалды қатерлі ісік (9,6%), 3-орында — өкпе ісігі (7,7%).

Жылдың басынан бері Орталықта 207 халықаралық телепатология жүйесі арқылы ісіктің биоүлгісі бойынша телекеңес, 220 молекулярлық-генетикалық зерттеу, 741 КТ және МРТ диагностикалық зерттеуі жүргізілді.
Мамандар халықты жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады. 

 «Скринингтен өту ерте сатыдағы симптомсыз обырды ерте анықтаудың тиімді тетігі болып табылады. Пациентті емдеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның толық сауығуға мүмкіндік бар», — деді Нұрсұлтан Ізмағамбетов.

Скринингтік тексеруден өтудің нәтижесінде соңғы 3 жылдың ішінде сүт безінің қатерлі ісігі бойынша 200, жатыр мойнының қатерлі ісігінің 40 жағдайы және 50-ден астам тік және тоқ ішектің қатерлі ісіктері анықталды.

Осылайша, барлық жоғарыда аталып өткен анықталған қатерлі ісіктің 90%-ы аурудың 1-2 сатысында, яғни емдеудің тиімділігіне және толық сауығуға қолжеткізуге болады
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер