Ресей вакцинасының атауындағы V әрпі нені білдіреді?

Жарияланды
Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы сұраққа жауап берді

COVID-19-қа қарсы ресейлік вакцинаның атында «V» әрпі «Sputnik V» коронавирусты жеңу дегенді білдіреді. Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қорының (RDIF) басшысы Кирилл Дмитриев вакцинаның бірінші партиясын Аргентинаға жеткізуге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды RT.

Қор басшысы атап өткендей, вакцинаны Аргентинаға жеткізу – бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тамаша мысалы және шынымен де тарихи сәт.

11 тамызда Владимир Путин Ресейде COVID-19 вакцинасының тіркелгенін жариялады. Ол 1957 жылы КСРО-да ұшырылған алғашқы жасанды Жер серігінің құрметіне Sputnik V деп аталды.

Тамыз айының соңында Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СК-Фармация» компаниясы тестілеудің барлық кезеңдерінен өткеннен кейін ресейлік Sputnik V вакцинасының кепілдендірілген көлемін ұсыну туралы келісімге қол қойды.

 

Сондай-ақ оқыңыз