Биыл Қызылорда облысында жасөспірімдер арасында туберкулездан көз жұму жағдайы тіркелген жоқ

Жарияланды
Туберкулез ауруына қарсы 26 376 балаға егу жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 10 айында балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез ауруынан көз жұму жағдайы тіркелмеген. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Жалпы облыс көлемінде жыл басынан бері туберкулездің 310 жаңа жағдайы тіркелген, бұл 2019 жылыдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ке төмендегенін көрсетіп отыр. Індеттен көз жұму деңгейі де 35,3%-ке азайған, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында бірде-бір жағдай тіркелмеген.

Есепті мерзімде туберкулез ауруына қарсы 17 245 сәби вакцинация және 9 131 ревакцинация арқылы, барлығы 26 376 балаға егу жұмыстары жүргізілген. Егуден кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.
Жыл басынан флюрографиялық тексерумен  облыс тұрғындарының 96,8%  астамы қамтылған.

Санитариялық мамандар тарапынан туберкулезге қарсы екпенің маңыздылығы және туберкулезді алдын алу бойынша ағарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
 

Сондай-ақ оқыңыз