Дәрі-дәрмек сатып алуға 8,2 млрд теңге бөлінген – А.Цой

Жарияланды
Бұл қаржыға аса қажет және тапшы 44 түрлі препарат алынады

Бүгін үкімет отырысында коронавирустың екінші толқынына дайындық тағы бір пысықталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, екі айға жетіп артылатын, азайматын дәрі-дәрмек қоры жасақталып жатыр. Қазіргі кезде 37 түрлі дәрі-дәрмек сатып алуға  5,9 млрд теңге жұмсалған. Жалпы  8,2 млрд теңге бөлінген. Осы қаржыға коронавирусты емдейтін, аса қажетті және тапшы 44 түрлі дәрі сатып алынып жатыр.  Ол бір айда стационарда жатқан 60 мың пациентті емдеуге жетеді. Коронавирусты емдейтін препараттардың 49 пайызын отандық өндірушілер шығарады. 

КВИ екінші толқыны болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендетілмейтін қор көлемі, ҚР ДСМ болжамы негінзінде, өтінімдерден тыс сатып алынады. Бұл дәрі-дәрмек Бірыңғай дистрибьютор ХАБ-ында сақталмақ. 

Министрдің айтуынша, елдің фармацевтика нарығында Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу үлесі ақшалай мәнінде 42,4% құрайды. ҚР фармацевтика нарығында отандық өндірушінің үлесі  ақшалай мәнінде 17% болса, нақты мәнінде отандық өндірушілер нарықтың 39% жабады. Соңғы жылдары отандық өндірушілер экспортының 4,3 есе артқан. Оның ішінде препараттардың 57,2%-ы Ресейге, 32%-ы Қырғызстанға экспортталады.

«2020 жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша 5,92 млрд теңгеге 37 аталым дәрілік зат сатып алынды. Бұл шара екінші толқында КВИ емдеуге қажетті дәрілік заттардың қорын қалыптастыруға, жоспарлауға және ауру-сырқауға байланысты  өзге де проблемаларды шешуге мүмкіндік береді», – деді Цой.

Бас дәрігер сонымен қатар COVID-19-ды емдеуге арналған дәрі-дәрмек тізімі кеңейтілгенін жеткізді.

«Амбулаториялық деңгейде емдеуге қажетті дәрі-дәрмек тізімі кеңейтілді. Яғни, коронавирустың жеңіл түріне шалдыққан науқастар ПТР тестілеудің нәтижесіне қарамастан, өзі тіркелген емханадағы дәрігердің нұсқаулығы бойынша дене қызуын түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды тегін ала алады», – деп мәлімдеді Цой.

ҚР ИИДМ мәліметі бойынша, қаңтар – қыркүйек айларында фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 39,8% өскен. Еліміздің фармацевтика өнеркәсібінде 96 кәсіпорын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіреді. Қазіргі кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 мың атауын жеткізу үшін  отандық тауар өндірушілермен 88 ұзақ мерзімді шарт жасалған. Отандық кәсіпорындар тәулік сайын 900 мың маска шығарады. Қоймаларда 18 млн маска бар.

Сондай-ақ оқыңыз