Ақын Балғымбек Имаш Азаматтықтан бас тартпақ

Жарияланды (жаңартылды )
Ол екпені мәжбүрлі түрде алуға қарсы

 Атақты суырып салма ақын, айтыскер Балғымбек Имаш өзінің инстаграм парақшасында balgynbek_official Парламент мәжілісі қабылдаған заңдағы мүжбүрлі түрде жасалатын екпені алуға қарсы екенін жазды

Ақын егер Парламент халықтың пікірімен санаспайтын заңдарды қабылдай берсе, Қазақстан азаматтығынан бас тартатындығын ашық жазды . 

Жалғыздың үні шықты, бірақ, елең еткен ешкім болмады. Біздің Парламенттің сыйқы осы енді. Бір депутат қарсы, екеуі қалыс, қалғаны үнемі қолдайды!
Енді құрамы белгісіз, сапасы белгісіз, шетелден келетін екпелердің жартысы ерікті, жартысы мәжбүрлі түрде міндетті болады!
Әншейін ғана гриптің бір түріне ковид19 деп айдар тағып, әлемді дүрліктіріп Пандемия жариялаудың мақсаты да осы болатын.
* Әлемді үрейлендіру!
* Әлемді кедейлендіру!
* Әлемді басқару!
* Әлемді вакцинациялау!
* Әлемді құл қылу!
Жоқ, маскалы мырзалар!!!
* Біз сіздерден емес, құдайдан қорқамыз!
* Бізге Ризықты Алла береді!
* Көк пен Жердің Раббысы Алла, оған ерікті, еріксіз түрде барлық жан иелері бағынады!
* Вакцинацияға қарсымыз, күштеп салдыруды қылмыс деп білеміз!
* Біз әлемдердің Раббысына ғана құлшылық етеміз, һәм жәрдем тілейміз!
Менің 6 балам бар, алғашқы 3 балаға екпе салдырғанмын, кейінгі 3 балаға салдырмадым!
Айырмашылық жер мен көктей. Үлкендері ауыра береді, имунитеттері әлсіз. Кейінгі үшеуі мүлде ауырып (тіпті, гриппен де, қызылшамен де) көрген емес! Имунитеттері жоғары, екі жыл анасының ақ сүтін емген балалар!
Менің балаларым – менің байлығым, екпені маған ешкім мәжбүрлей алмайды!
Мен Қазақстан Республикасының азаматымын!
Егер алдағы уақытта менің Конституциялық құқығым тапталатын болса, мен Ата Заңына қарсы, халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің Азаматтығынан бас тартамын!

Естеріңізге сала кетсек,  жақында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов вакцина туралы былай деген еді:
«Соңғы кезде әлеуметтік желілерде Кодекстің қабылдануына қарсы талқылаулар жүргізіліп жатыр, соның ішінде сапасыз вакциналар, жосықсыз сатып алу мен вакциналарды дұрыс тасымалдамау, медициналық қиындықтар және вакцинадан бас тартушылар санының көптігі туралы шындыққа жанаспайтын әңгімелер айтылуда. Бұл қоғамдық сананы ашық түрде манипуляциялау»,- деді Елжан Біртанов. 
Сонымен қатар, министр Қазақстанда Вакциналау мәжбүрлеп жүргізілмегенін атап өтті.
«Бүкіл әлемдегі секілді біздің елімізде де ерікті түрде салынатын және міндетті вакциналар болады. Әр жағдайда ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі немесе вакцинациядан бас тарту құқығы бар! Екпе алмаған балалар құқығын шектейтін ешқандай норма жоқ! Ұжымдық иммунитетті, яғни балабақшаларға баратын барлық балалардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін бір ғана норма бар», – деді министр. 

Сондай-ақ оқыңыз