Павлодар облысында коронавирустан бір адам көз жұмды

1936 жылғы ер адам 8 сәуірде COVID-19 белгілерімен ауруханаға түскен

Фото:kursiv.kz

Кеше 27 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырған жалғыз павлодарлық емделіп, үйіне қайтты. Онымен байланыста болған 154 адам да бақылаудан алынды. Осылайша, Павлодар облысы елімізде коронавирус жұқтырған тұрғыны жоқ жалғыз өңір болды. Алайда, бұл көрсеткіш тек бірнеше сағатқа созылды. Республикалық штаб кеше кешкісін Павлодар облысында екі жағдай тіркеліп, бірі адам өліміне әкелгенін хабарлады. Ал бүгін облыс басшылығы аталмыш оқиғаларға қатысты түсініктеме берді. 

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайыловтың айтуынша, қаза болған адам – облыс орталығының 1936 жылғы тұрғыны. Ол бұған дейін бронхиалды астма, жүректің ишемиялық ауруы, үшінші деңгейдегі артериалды гипертензия және дене терісіндегі қауіпті өскін сырқаттары бойынша есепте тұрған. 

«8 сәуірде науқастан коронавирус инфекциясына талдамалар алынып, оң нәтиже көрсетті. Өкінішке қарай, бұған дейінгі сырқаттары асқынуға алып келіп, 9 сәуірде қайтыс болды.  Онымен байланыста болғандардың барлығы анықталды. 50 адам ауруханаға жатқызылып, 68 адам үй карантиніне алынды», - деді Біржан Досмайылов. 

Ал инфекция жұқтырған екінші адам  – 1981 жылғы павлодарлықтың денсаулығы қалыпты. Қазіргі кезде инфекциялық госпитальде ем қабылдап жатыр.  Науқастың айтуынша, ол 21 наурыздан бастап Шымкент, Тараз және Қарағанды қалаларында болған. Онымен байланыста болған 158 адам анықталды. Оның алтауы стационарлық, ал 114-і үй жағдайындағы бақылауға алынды. Қалған 38 адам – басқа облыстардың тұрғындары. Оларға қатысты мәліметтер жергілікті құзырлы органдарға берілді. 

Короновирус инфекциясы анықталған екі павлодарлық тұрған үйлердің подъезі карантинге жабылып, есіктер дәнекерленді. Бұл екі подъездің тұрғындары сыртқа кіріп, шыға алмайды. Қазіргі уақытта мұндағы пәтерлерден қоқыс шығару, адамдарға азық-түлік жеткізу мәселелері қарастырылуда. 

Қайтыс болған науқас қаралған №1 қалалық аурухананың есіктері де дәнекерленіп, тарс жабылды. Ал онымен байланысты болған дәрігерлер бақылауға алынды. 

Айта кетелік, бүгінде Павлодар облысында барлығы 1139 адам бақылауға алынды. Олардың 148-і стационарлық, 99-ы үй карантинінде. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif