Қостанай облысындағы науқас Мысырдан ұшып келген

Жарияланды
Оның вирус жұқтырғаны 12 күннен соң анықталған

Қостанай тұрғыны  Мысырда жүргенде коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев мәлімдеді.

3 сәуірге дейін Қостанай облысы елімізде індет тіркелмеген жалғыз аймақ болды.

 «1991 жылы туған, Тобыл қаласындағы карантиндік ауруханада оқшауланған Қостанай қаласының тұрғынын  коронавируске тексеру кезінде оң нәтиже анықталды. Бұл азаматша 23 наурыз күні «Шарм-эль-Шейх-Алматы» рейсімен келді», – деді әкімнің орынбасары.

Сол рейсте қызбен бірге Қостанай облысының тағы төрт тұрғын келді. Ұшақта жұқтырған адам бар екені белгілі болды. Олардың барлығы коронавируске тексерілді, нәтижелері теріс болып шықты. 

 «Ауруханаға жатқызу кезінде барлық жолаушылардан коронавируске тест сынығы алынған.  Сол кезде  нәтижелері теріс болған. Азаматтарды 12-күннен кейін тағы қайталама тест сынақ алу барысында бір қызда оң нәтиже анықталды. Ал қалған жолаушылардың тест сынағы теріс нәтижені көрсетті. Қазір азаматша облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық», – деп толықтырды Жүндібаев.

Сондай-ақ оқыңыз