Қазақстанда коронавирус шарықтау шегіне жетті

Бүкіл медицина мекемелері күшейтілген режимге көшеді

Фото:Офелия Жакаева

Қазақстанда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай, инфекция жұқтыру шарықтау шегіне жетті. Бұл туралы 15 сәуірде өткен брифингте Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді. 

Елімізде жүз мың адамның әрбір жетіншісіне вирус жұққан.

«Эпидемиологиялық жағдай бойынша біз аурудың шарықтау шегіне жеткенімізді байқап отырмыз. Қазір жүз мың адамның жетеуі коронавирус инфекциясын жұқтырған. Осы себепті, карантиннен бөлек, әсіресе елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған, ауырып қалу қаупі жоғары  адамдарды толық скринингтен өткізу басталады. Тестілеу 10 сәуірде басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады», – деді Ақтаева. 

Аурудың таралуына байланысты медицина мекемелері эпидемияға қарсы күшейтілген режимге көшеді, яғни әр пациент вирус жұқтыруы мүмкін адам ретінде қаралады. 

«Осыған байланысты персонал көмек көрсету кезінде міндетті түрде жеке қорғаныс заттарын пайдаланады. Одан бөлек провизорлық стиционарларға инфекциялық стационарларға қойылатып талаптар қойылады. Яғни міндетті түрде бенебақылау орнатылып, желдету жүйесі, палаталарды толтыру циклы сақталуы тиіс. Әр ауысым екіншінен оқшаулануы қажет», – дейді ҚР ДСМ өкілі. 

Бұл ретте вице-министр медицина мекемелерінің басшылары қызметкерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті екенін айтып өтті. 

Сонымен қатар, дезинфекциялық режимнің сақталуын, күн сайын қызметкерлердің дене қызуын өлшеп, олардың денсаулық жағдайын қатаң бақылап отыруы тиіс.

Айта кетейік, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, коронавирус жұқтырған әрбір бесінші науқас – дәрігер. Тек 13-14 сәуір күндері Алматыда 116 медицина қызметкері вирус жұқтырып алған.

Қазір Қазақстанда барлығы 1290 адамнан COVID-19 анықталған.  Оның ішінде 380 науқас Алматы қаласынан болса, Нұр-Сұлтанда 297 жағдай тікелген. 240 адам дерттен айығып, 16 адам қайтыс болды. 21  пациенттің жағдайы ауыр. Еліміздің 13 аймағы бойынша  370 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған. Олардың басым бөлігі – Алматы  (197) мен Нұр-Сұлтан қаласында (92). Атырауда –17, ал СҚО-да 15 медқызметкерден вирус анықталған. Дәрігерлердің арасында ауыр хәлде жатқандары жоқ. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif