Skip to main content

Мамандар алкогольді тазалық сақтау мақсатында ғана пайдалануға кеңес берді

Спирттік өнімдер коронавируспен күресе ала ма?

Фото: Shutterstock

 Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасының басшысы Сәуле Кисикова спиртті ішімдіктерді коронавируспен күреске қолдануға  болмайтындығын брифингте мәлімдеді.   

“Ішуге ме,  болмайды. Сіздер түсінесіздер ме, біз құрамында спирті бар сұйықтықты тек тазалық сақтау үшін қолдануға болатындығын айтып отырмыз. Спирттік өнімдерді ішіңдер деп кеңес беріп отырған жоқпыз,”-деп қадап айтты Кисикова.

Қаланың бас дәрігерінің айтуынша, коронавируспен ауырып қалған жағдайда науқастар үшін 200 орындық стационар қаланың шетінде дайын тұр.

“Сондықтан басқа науқастастар бір-бірімен еш тоғыспайды. Осыны нақтылағым келеді. Егер адам коронавирус жұқтырған күнде олардың өзі 4 категорияға бөлінеді. Жеңіл, орташа, ауыр деңгейдегі, сондай-ақ үйде карантинге жататын науқастар деп диагностика жасаймыз” ,-деп тағы да нақтылады.

Бүгін де барлық тепловизорлық стационарларда медициналық құрылғылар толық. Әсіресе коронавирустың ауыр түріне шалдыққандар үшін емдеудің түрлі тәсілдері қолданылады.

banner_wsj.gif

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды

Ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны

Фото:shutterstock.com

Елімізде тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисықова мәлімдеді. 

51 жастағы пациент 21 наурыз күні ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып жүргенімен, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмыс барысында іссапарға жиі шығып тұрған.   

"Аурумен тікелей байланста болған 31 адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам үй карантинінде. Отбасындағы екі адамнан коронавирус анықталды",- деді басқама басшысы. 

Бүгін коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 9 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам. Жалпы саны 325 болды. 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif