Коронавирустық пандемия маусымға дейін аяқталуы мүмкін

Жарияланды
Болжамды қытайлық сарапшы мәлімдеді

Егер тиісті шаралар қолданылса, COVID-19 коронавирусының ғаламдық пандемиясы биылғы жылдың маусымына дейін аяқталуы мүмкін,- деді Қытайдың жетекші эпидемиологы Чжун Наньшан. Бұл туралы Global Times мәлімдеді.

Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитеттің өкілі Ми Хен жаңа инфекциялар саны азайып бара жатқанын және вирустың таралуы бақылауда екенін айтты.

Қазіргі таңда әлемде 126,5 мың адамға жуық инфекцияны жұқтырды. Оның ішінде 4,6 мыңнан астамы қайтыс болды.

Чжон Наньшан – 2003 жылы SARS коронавирусын ашқан қытай эпидемиологы және пульмонологы.  Қытайдың үздік 10 ғалымдарының қатарына кірді. Ухандағы коронавирустық індет кезінде ол  дағдарысты басқаруға жетекші  болып тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз