Skip to main content

Коронавирустық пандемия маусымға дейін аяқталуы мүмкін

Болжамды қытайлық сарапшы мәлімдеді

Фото: Shutterstock

Егер тиісті шаралар қолданылса, COVID-19 коронавирусының ғаламдық пандемиясы биылғы жылдың маусымына дейін аяқталуы мүмкін,- деді Қытайдың жетекші эпидемиологы Чжун Наньшан. Бұл туралы Global Times мәлімдеді.

Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитеттің өкілі Ми Хен жаңа инфекциялар саны азайып бара жатқанын және вирустың таралуы бақылауда екенін айтты.

Қазіргі таңда әлемде 126,5 мың адамға жуық инфекцияны жұқтырды. Оның ішінде 4,6 мыңнан астамы қайтыс болды.

Чжон Наньшан - 2003 жылы SARS коронавирусын ашқан қытай эпидемиологы және пульмонологы.  Қытайдың үздік 10 ғалымдарының қатарына кірді. Ухандағы коронавирустық індет кезінде ол  дағдарысты басқаруға жетекші  болып тағайындалды.

banner_wsj.gif

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды

Ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны

Фото:shutterstock.com

Елімізде тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисықова мәлімдеді. 

51 жастағы пациент 21 наурыз күні ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып жүргенімен, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмыс барысында іссапарға жиі шығып тұрған.   

"Аурумен тікелей байланста болған 31 адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам үй карантинінде. Отбасындағы екі адамнан коронавирус анықталды",- деді басқама басшысы. 

Бүгін коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 9 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам. Жалпы саны 325 болды. 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif